Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы 26 сессиясының № 242 "Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Шешіміне өзг

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 480 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 қыркүйекте № 6020 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Нұра аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы 26 сессиясының № 242 "Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2614 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы № 18 (5355) "Нұра" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 5 мамырда жарияланған), келесі өзгертулер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      9 тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшасымен толықтырылсын:

      "7-1) АИВ жұқтырған балалар;";

      12 тармақ, жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері:

      табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарын жоюға – 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

      ауыр материалдық жағдайға байланысты – 13 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін, бір рет;

      қайтыс болған күні уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген, қайтыс болған туыстарын, ерлі-зайыптыларын жерлеуге, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың тұлғаларына, кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге – 15 айлық көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

      медициналық мекемеден эпикриз қорытындысының көшірмесі негізінде шұғыл емделуге (ота) - 15 айлық көрсеткіш мөлшеріне дейін, бір рет;

      әлеуметтік маңызды ауру тұлғаларға (туберкулез) стационарда емделу кезеңіне – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет.

      АИВ жұқтырған балаларға – 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде, ай сайын.";

      16 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т. Шайхин
      Нұра аудандық мәслихатының хатшысы Т. Оспанов