"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы жүмыскерлерінің еңбек нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 273 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 468 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 қыркүйекте № 21257 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы жүмыскерлерінің еңбек нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 273 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13873 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы жұмыскерлерінің еңбек нормаларын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы жұмыскерлері еңбек нормаларының "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемелерінде бухгалтерлік есеп және қаржы қызметі жөніндегі жұмыстарға уақыт нормалары" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 54 және 55-жолдар алып тасталсын;

      реттік нөмірі 84-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

84

Қалған операциялар мен "Түзетпе" операциялары бойынша Нысандар альбомының 274-нысанды жеке мемориалдық ордерлерді қалыптастыру және тексеру

бір шартты құжат

0,50

      ";

      реттік нөмірлері 102 және 103-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

102

Жеке табыс салығын және әлеуметтік салықты есептеу бойынша жиынтық есеп

бір шартты құжат

1,54

103

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны қалыптастыру және тексеру

бір шартты құжат

2,08

      ";

      реттік нөмірлері 110, 111, 112 және 113-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

110

4-КБ-Б нысаны бойынша кредиторлық берешек туралы есепті жасау

бір шартты құжат

2,07

111

4-КБ-Ө нысаны бойынша кредиторлық берешек туралы есепті жасау

бір шартты құжат

2,07

112

5-ДБ-Б нысаны бойынша дебиторлық берешек туралы есепті жасау

бір шартты құжат

2,07

113

5-ДБ-Ө нысаны бойынша дебиторлық берешек туралы есепті жасау

бір шартты құжат

2,07

      ";

      реттік нөмірі 117-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

117

Мемлекеттік мекемелерде материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының жетіспеушілігі және оны ұрлау туралы есепті жасау

бір шартты құжат

2,15

      ";

      реттік нөмірлері 136, 137 және 138-жолдар алып тасталсын;

      "


Тұрғын үй-коммуналдық көрсетілетін қызметтерден алиментті ұстау

      "

      деген жол алып тасталсын;

      реттік нөмірлері 159 және 160-жолдар алып тасталсын;

      реттік нөмірі 163-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

163

Жеке табыс салығын төлеуге шоттарды жасау

бір шартты құжат

1,07

      ";

      "


Сауықтыру бойынша жәрдемақыны есептеу

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "


Сауықтыруға арналған жәрдемақыны есептеу

      ";

      реттік нөмірі 170-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

169

Сауықтыруға арналған жәрдемақыны төлеуге шотты жасау

бір шартты құжат

0,17

      ";

      "


Демалысқа шыққанда берілетін қаражатты есептеу

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "


Орташа жалақыны есептеу

      ";

      "


Іссапар төлемдерін есептеу

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "


Қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу

      ";

      реттік нөмірі 176-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

176

Қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеуге тізімді жасау

бір шартты құжат

1,07

      ";

      "


Әскери қызметшілердің жол қызметтерін төлеу

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "


Әскери қызметшілердің өз мүлкін жеткізгені үшін ақша төлеу

      ";

      "


Науқастану парағы бойынша төлемдерді есептеу

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "


Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны есептеу

      ";

      реттік нөмірі 204-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

204

Нысандар альбомының 437-нысаны бойынша алиментті өндіріп алу туралы орындаушылық парақты есепке алу кітабына жазба жасау

бір шартты құжат

0,14

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев