"Кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 291 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 18 тамыздағы № 761 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 19 тамызда № 21112 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 291 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9620 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрығымен бекітілген Кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргізу қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша АССА (DipIFR-орысша) дипломы бар тұлғалар, сондай-ақ The Association of Chartered Certified Accountants (АССА) толық біліктілік иегерлері халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев