БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы жөніндегі нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9518 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы жөніндегі нормативтерде:
Жаттығуларды орындағаны үшін нәтижелерге түзетулер осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Жауынгерлік даярлық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Н. Ермекбаев |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 24 шілдесі № 349 бұйрығына қосымша |
Жаттығуларды орындағаны үшін нәтижелерге түзетулер
Дене шынықтыру дайындығын бағалау кезінде нормативтерге киім нысанына негізделген түзетулер енгізіледі:
1) қонышы ұзын бәтеңкелерде әскери киім нысанында жаттығуларды (№ 2, 3, 4) орындау кезіндегі нормативтерді жеңілдету;
2) әскери киім нысанында № 5 жаттығуды орындау кезіндегі нормативтерді жеңілдету;
3) ауаның температурасы – 15 оС төмен, 30 оС жоғары болғанда, ал шаңғы жарысы және шаңғымен жүгіру үшін – +1 оС жоғары болғанда жаттығуларды орындау кезінде нормативтерді жеңілдету.
Р/с | Атауы | Жаттығу нөмірі | Өлшем бірлігі | Нәтеижелерг түзетулер | ||
1) | 2) | 3) | ||||
1. | Белтемірде тартылу | 3 | неше рет | 1 | - | 1 |
2. | Белтемірге аяқты көтеру | 4 | неше рет | 1 | - | 1 |
3. | Белтемірге көтеріліп айналып түсу | 5 | неше рет | 1 | - | 1 |
4. | Белтемірге күшпен көтерілу | 6 | неше рет | 1 | - | 1 |
5. | Аралас күштік жаттығу | 7 | неше рет | 1 | - | 1 |
6. | Белтемірге тіреліп қолды бүгу және жазу | 8 | неше рет | 2 | - | 2 |
7. | Бөренеге тіреп бұрыш жасау | 9 | секунд | 2 | - | 2 |
8. | 100 метр жүгіру | 34 | секунд | 1 | - | 1 |
9. | 10х10 метр сырғымалы жүгіру | 35 | секунд | 1 | - | 1 |
10. | 400 метр жүгіру | 36 | секунд | 5 | - | 5 |
11. | 1000 метр жүгіру | 37 | секунд | 10 | 25 | 10 |
12. | 3000 метр жүгіру | 38 | минут, секунд | 0,50 | 1,0 | 0,50 |
13. | 5000 метр жүгіру | 39 | минут, секунд | 1,30 | 2,0 | 1,30 |
14. | 5 километр марш-бросок | 42 | минут, секунд | - | 1,0 | 1,0 |
15. | 10 километр марш-бросок | 43 | минут, секунд | - | 2,0 | 2,0 |
16. | 5 километр шаңғымен жүгіру | 44 | минут, секунд | 2,0 | - | 2,0 |
17. | 10 километр шаңғымен жүгіру | 45 | минут, секунд | 4,0 | - | 4,0 |