"Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 565, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 146, Қазақстан Республикас

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 371, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 465, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 139, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2020 жылғы 11 мамырдағы № 35/қе және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2020 жылғы 14 мамырдағы № 11-15 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 мамырда № 20640 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 565, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 146, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 62, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 416, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 892 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 10027 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2015 жылғы 21 қаңтарда № 12 (27888) болып жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. ҚПК-нің 232-бабына сәйкес пошта және өзге де жөнелтілімдерді қоспағанда жасырын тергеу әрекеттері жедел-іздестіру қызметінің нысандары мен әдістерін пайдалана отырып, құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімше 1-қосымшаға сәйкес құрастырылған сотқа дейінгі тергеу органының тапсырмасы (бұдан әрі - тапсырма) бойынша жүргізеді.

      Сотқа дейінгі тергеу мерзімдерін үзу "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - "ЖІҚ туралы" Заң) сәйкес іс бойынша қажетті іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге және олардың нәтижелерін қылмыстық іс материалдарына тігуге кедергі келтірмейді.

      Тапсырма құпия болып табылады және жариялауға жатпайды.

      Тапсырма екі данада Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес құрастырылады.

      Бірінші данасы желімделген конвертте мекенжайын көрсете және "Жеке" белгісін қоя отырып, орындаушы бөлімшеге құжаттамалық қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын бөлімше (бұдан әрі - ҚҚЕ бөлімшесі) арқылы жіберіледі.

      Конвертке құжаттың нақты бір қылмыстық іске тиесілігі туралы ақпаратты жазуға жол берілмейді.

      Тапсырманың екінші данасы ЖТӘ жүргізу кезінде қылмыстық іс материалдарына тігілмейді және оның тізілімдемесіне енгізілмейді. Аяқталған соң ЖТӘ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамда тиісті номенклатуралық істе сақталады. Ал ЖТӘ нәтижелерін құпиясыздандырғаннан кейін қылмыстық іс материалдарына тігіледі. Сотқа дейінгі тергеуді жүргізетін адам, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеуге ведомстволық бақылауды жүзеге асыратын адамдар ЖТӘ жүргізу туралы тапсырма шығару фактісінің құпиялылығын қамтамасыз етеді.

      ЖТӘ аяқталғанға дейін тапсырманың көшірмесін жасауға жол берілмейді.

      ҚҚЕ бөлімшесінде конвертті тіркеу кезінде қылмыстық істі сәйкестендіруге мүмкіндік беретін оның нөмірін және басқа да ақпаратты көрсетпей, құжаттар қылмыстық істің материалдары болып табылатыны көрсетіледі.";

      5-тармақта:

      8) тармақша алып тасталсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өзіне қатысты ЖТӘ жүргізіліп жатқан объекті (немесе орын) туралы мәліметтерді жариялауды болдырмау қажеттілігі туындаған кезде прокурормен келісілген сауалнамалық деректерді өзгерту (шартты атауы) туралы қаулыға уәкілетті бөлімшетің қызметкері ЖТӘ жүргізу туралы қаулыны қоса береді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ЖТӘ жүргізу тапсырылған уәкілетті бөлімшенің адамы ҚПК-нің 231-бабының 1), 2), 3), 4) 6) тармақшаларында көзделген ЖТӘ жүргізу туралы шығарған қаулыларды тергеу судьялары санкциялайды.

      Уәкілетті бөлімшенің қызметкері қаулыны конвертке салып, оны жапсырады, онда мекенжай көрсетіледі және "Жеке өзіне" деген белгі қояды.

      Конвертке құжаттардың нақты бір қылмыстық іске тиесілігі туралы ақпаратты жазуға жол берілмейді.

      Қаулыға "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және құпияландыруға жататын ведомстволық (салалық) мәліметтер тізбесіне сәйкес ақпарат енгізілген жағдайда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге жатады, қаулыларға тиісті құпиялылық белгісі беріледі.

      Құпиялылық белгісі бар қаулылармен жұмыс істеу тәртібі мемлекеттік құпиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

      Судьяларға қатысты ЖТӘ-ні санкциялауды Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының қаулысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының тергеу судьясы жүргізеді.

      Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты ЖТӘ-ні санкциялауды Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарымен келісілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының қаулысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының тергеу судьясы жүргізеді

      Санкция берілген жағдайда санкцияланған қаулының бір данасы орындаушы бөлімшеге жолданады, қаулының екінші данасы тергеу судьясында қалады. Орындаушы бөлімше санкцияланған қаулының келіп түскен данасын орындау үшін ЖТӘ бөлімшесіне жолдайды.

      Шұғыл жағдайда қаулының екі данасы санкция алу үшін тергеу судьясына қолма қол ұсынылуы мүмкін.

      Бұл жағдайда санкция алынған күннен бастап санкцияланған қаулының екініші данасын орындаушы бөлімше келесі жұмыс күнінен кешіктірмей тергеу судьясына ҚҚЕ бөлімшесі арқылы белгіленген тәртіппен кері қайтарады.

      Санкциялау туралы шығарылған қаулы негізсіз болған жағдайда тергеу судьясы дәлелденген қаулымен оны санкциялаудан бас тартады.

      ЖТӘ жүргізу мерзімін ұзарту туралы қаулыны сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адам ЖТӘ-ні ұзарту мерзімі аяқталардан үш тәулік бұрын шығарады және санкция алу үшін тергеу судьясына ұсынады.

      Санкция беруден бас тартылған жағдайда санкцияланбаған қаулының екі данасын уәкілетті бөлімше ЖТӘІ-ге тігеді, ол дереу тоқтатылады.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында прокурор тергеу судьясының қаулысына, санкциясына қолдау білдіруге құқылы:

      1) ЖТӘ-ні санкциялау немесе санкциялаудан бас тарту туралы;

      2) ЖТӘ мерзімдерін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы;

      3) өзіне қатысты жүргізілген ЖТӘ туралы адамға хабарлау мерзімдерін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы;

      4) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өзіне қатысты жүргізілген ЖТӘ туралы адамға хабарламауға келісім беру немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына осындай келісім беруден бас тарту туралы;

      5) ЖТӘ-ні тоқтату туралы прокурордың қолдаухатын қанағаттандырудан бас тарту туралы;

      6) осы Кодекстің 235-бабында белгіленген тәріпте жүргізілген ЖТӘ-ні тоқтату және алынған нәтижелерді дәлелдер ретінде пайдалануға жол бермеу туралы;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жасырын тергеу әрекетін санкциялау барысында берілген ақпараттың шынайылығына күмән болған жағдайда тергеу судьясы қаулыны санкциялайды және жиырма төрт сағат ішінде прокурордың оның заңдылығын тексеруіне бастама көтереді.

      Прокурор тергеу судьясының ЖТӘ заңдылығына тексеру жүргізу туралы хабарламасын алғаннан кейін тергеу әрекетінің құпиялығын қамтамасыз етеді және тергеу судьясының ЖТӘ жүргізу туралы қаулының заңдылығын тексеру туралы хабарламасын орындауға шаралар қабылдайды.

      ҚПК 234-бабының 2-бөлігіне сәйкес прокурор бес тәулік ішінде тиісті тексеру жүргізеді және оның нәтижелері туралы жазбаша түрде тергеу судьясына хабарлайды

      Прокурордың жазбаша түрдегі тексеру нәтижелері конвертке салынып желімделеді, онда адресаттың - тергеу судьясының, ЖТӘ жүргізуге бастама көтерген орындаушы бөлімшенің деректері көрсетіледі және "Жеке өзіне" деген белгі қойылады.

      ҚПК-нің 193-бабы 1-бөлігінің 9-1) тармағына сәйкес прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығына қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып, ҚПК-нің 231-бабының 7) және 9) тармақтарында көзделген заңсыз ЖТӘ-ні өз қаулысымен тоқтатады.";

      15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Дереу, бірақ ЖТӘ аяқталғаннан кейін бес тәуліктен кешіктірмей оларды жүргізу барысында алынған барлық материалдарға құпиялауға жататын ведомстволық мәліметтер тізбесіне сәйкес құпиялылық белгісін қоя отырып, мөрленген түрде ЖТӘ бөлімшесі уәкілетті органның қызметкеріне жібереді. Іс үшін маңызды болатын қолда бар барлық ЖТӘ нәтижелері мемлекеттік құпиялар туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес құпиясыздандырылғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамға беріледі.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Тергеу бөлімшесінің немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген анықтау органының бастығы қылмыстық іс бойынша қорытынды шешім шығарған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей ЖТӘ нәтижелерімен таныстырмай өзіне қатысты ЖТӘ жүргізілген адамға жүргізілген ЖТӘ-нің түрін және оны жүргізу уақытын көрсете отырып, хабарлама жолдауды қамтамасыз етеді.

      Егер адам ҚПК-нің 295 және 296-баптарында көзделген тәртіпте қылмыстық іс материалдарымен танысқан кезде немесе ҚПК-нің 239-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіпте хабарланған кезде сотқа дейінгі өндіріс барысында ЖТӘ жүргізу фактісімен танысқан жағдайда бұл адам жүргізілген ЖТӘ туралы хабарланған деп есептеледі және қайта хабарлау қажет емес.

      Хабарлау мерзімін бір жылға дейін ұзарту қажеттілігі болған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін тергеу бөлімшесінің немесе анықтау органының бастығы хабарлау мерзімінің аяқталуына дейін үш тәулік бұрын тергеу судьясына дәлелді қолдаухат енгізеді.

      ҚПК-нің 240-бабының 1-1-бөлігінде көзделген жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін тергеу бөлімшесінің немесе анықтау органының бастығы тергеу судьясының алдында өзіне қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеті туралы адамға хабарламау туралы өтініш білдіреді:

      1) террористік немесе экстремистік қылмыстар туралы қылмыстық іс бойынша;

      2) қылмыстық топ жасаған қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша;

      3) егер хабарлау мемлекеттік құпиялардың ашылуына қауіп тудырса;

      4) егер хабарлау құпия негізде және астыртын нысанда қызметті жүзеге асыратын адамдардың және өзге де адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірсе хабарламауды келісуі мүмкін.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін тергеу бөлімшесінің немесе анықтау органының бастығы өзіне қатысты ЖТӘ жүргізілген адамға хабарлау (хабарламау) туралы шешім қабылдау кезінде шешім туралы уәкілетті бөлімшеге алдын ала хабарлайды.

      Уәкілетті бөлімше бес жұмыс күні ішінде нақты негіздеме ұсына отырып, қандай да бір шешім қабылдаудың мақсатқа сәйкестігі туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін тергеу бөлімшесінің немесе анықтау органының бастығына хабарлайды.

      Шетелдіктерге және Қазақстан Республикасынан тыс шыққан азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ тұрғылықты жері белгісіз адамдарға хабарлау мүмкін болмаған жағдайларда ЖТӘІ-ге адамның Қазақстан Республикасынан тыс шығу немесе хабарлауға жататын адамның жүрген жерін анықтау бойынша қабылданған шаралар фактісін растайтын материалдар тігіледі.

      Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді заңсыз деп тану және келтірілген залалдың орнын толтыру туралы арызды құпиялылықты сақтай отырып, ҚПК-нің 106-бабы тәртібінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген органның орналасқан жері бойынша тергеу судьясы қарайды.

      Арызды қарау барысында өзіне қатысты ЖТӘ жүргізілген адамның ЖТӘІ-ге тігілген материалдармен танысуына жол берілмейді.";

      1-қосымшада 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Іс үшін маңызды болатын қолда бар барлық ЖТӘ нәтижелері

      _________________________________________ маған ұсынылсын".

      (мерзімі немесе кезеңі көрсетілсін)

      2. Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті (Д.Ә. Таев) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министріне, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасарына, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет
қызметінің бастығы
__________ К. Касымов
 

ҚР Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің Төрағасы
__________ К. Масимов


Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары -
Қаржы министрі
__________ А.Смаилов
 

Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл
агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет ) төрағасы
__________ А. Шпекбаев


Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
__________ Е.Тургумбаев