"Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына толықтыр

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 35 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 мамырда № 20590 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16509 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесінде:

      мынадай мазмұндағы 262 және 263-жолдармен толықтырылсын:

      "

262.

Асыл тұқымды өсірудің арғы ата-енелік және аналық желілерінің балапандары*

0105 11

263.

Тірі ірі қара мал

0102

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов