"Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының жас қызметкерлерін бейімдеу және тәлімгерлік жүргізу Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 157 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 4 мамырдағы № 59 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 мамырда № 20573 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке алғаш тұратын адамдар үшін бір жылға дейін сынақ мерзімін белгілеу Қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 130 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12415 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Казақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Г. Нурдаулетов