Қазақстан Республикасы Президентінің "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабы 2-тармағының 2-бөлігіне, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 3 хаттамасының 11-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 23 наурыздағы отырысында берген тапсырмасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20164 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 26 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Төтенше жағдай кезеңінде келесі мемлекеттік қызметтерді көрсету "Электрондық үкімет" веб-порталындағы (бұдан әрі - Портал) "Электрондық өтініш" сервисі (бұдан әрі - Сервис) арқылы осы Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) қосымшаға сәйкес толтырылған, сондай-ақ интернет-ресурс арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүзеге асырылады:
1) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау;
3) мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау;
4) жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау;
5) жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау;
6) қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындау;
7) мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;
8) мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;
9) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;
10) мүгедектерге кресло-арбалар беру;
11) мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
12) үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу;
13) медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу;
14) оралман мәртебесін беру немесе ұзарту;
15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
16) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
17) көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
18) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау;
19) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
20) мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау;
21) өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту;
22) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;
23) ақталған адамға куәлік беру;
24) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
25) жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу;
26) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау;
27) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау;
28) мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау;
29) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау;
30) еңбекке қабілеттілігін жоғалту жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау;
31) жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау;
32) жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Көрсетілетін қызметті алушы Сервис арқылы жоғарыда көрсетілген қызметтерді алуға өтініш берген кезде тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес өтінішті толтырады, сондай-ақ тиісті Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың сканерленген нұсқаларын қамтитын электрондық файлдарды қоса береді және электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) немесе SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қояды.
Бұл ретте тиісті Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтініш электрондық файл түрінде өтініш берушінің қолтаңбасынсыз қоса беріледі.";
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Төтенше жағдай кезеңінде қолданылу мерзімі өткен көрсетілетін қызметті алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар оларды ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ескеріледі.
Бұл ретте қызмет көрсету төтенше жағдай режимі аяқталған күнді қоса алғанда жүзеге асырылатын болады.
2-2. Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін негіз төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспайтын мерзімде немесе төтенше жағдай уақытында туындаса, онда өтініш беруші төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін үш ай ішінде аталған төлемдерді тағайындауға қажетті құжаттарды қоса бере отырып өтініш беруге құқылы.
Бұл ретте, аталған төлемдерді тағайындау төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспайтын мерзімде немесе төтенше жағдай уақытында тағайындау негіздері туындаған күннен бастап жүзеге асырылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы немесе SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылған өтініш Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорация филиалының электрондық құжат айналымы жүйесіне, қаланың немесе ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, халықты жұмыспен қамту орталығына, жергілікті атқарушы органға немесе Департаментке жіберіледі.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Егер көрсетілетін қызметті алушы 2020 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - атаулы әлеуметтік көмек) алушы болса, онда тікелей байланысты болдырмау мақсатында көрсетілетін қызметті алушыға келесі тоқсанға атаулы әлеуметтік көмек өтінішсіз, бірінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін есептеген кезде ескерілген барлық табыстарын ескере отырып автоматты түрде ұзартылады.
Бұл ретте келесі тоқсанға атаулы әлеуметтік көмек төлемінің мөлшері автоматты түрде ұзартылған тоқсанның алдындағы тоқсанға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына (бұдан әрі - № 320 бұйрық) сәйкес тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінен бес пайызға ұлғайтылады.
Бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы беру атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мерзімінің ұзартылуымен бір мезгілде ұзартылады. Азық-түлік жиынтығының түрі баланың жасын ескере отырып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезіндегі баланың жасына негізделе айқындалады және оның ұзартылу мерзіміне ұсынылады. Бұл ретте алты жасқа дейінгі кепілдендірілген әлеуметтік топтама алушы балаларға осы бұйрықтың 25-тармағында көрсетілген төтенше жағдай кезеңінде ұсынылатын азық-түлік және тұрмыстық жиынтық берілмейді.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. 12-14-тармақтармен реттелмеген атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселелері № 320 бұйрықпен айқындалады.";
4-параграфтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-параграф. "Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау", "Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау", "Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау", "Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау", "Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау", "Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау", "Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау", "Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау", "Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау" мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібінің ерекшеліктері";
мынадай мазмұндағы 24-1, 24-2, 24-3 және 24-4-тармақтармен толықтырылсын:
"24-1. Өтініш беруші Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20174 болып тіркелген) бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында көзделген әлеуметтік төлем (бұдан әрі - төтенше жағдай кезеңіндегі әлеуметтік төлем) алған жағдайда, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау (қайта есептеу) үшін кірісті есептеген кезде өтініш берушінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасында төтенше жағдай болған айлар есептен алып тасталады және көрсетілген кезең алдындағы немесе одан кейінгі басқа тікелей айлармен алмастырылады.
24-2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін есептеген кезде төтенше жағдай кезеңіндегі әлеуметтік төлем алған кезең зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қосылады.
24-3. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы төтенше жағдай кезеңінде ұсынылған құжаттарды толықтыра отырып 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі, 1995 жылғы 1 қаңтардан бергі кірісі туралы құжаттарды ұсынған жағдайда аталған төлемдердің мөлшерін өзгерту төтенше жағдай кезеңінде бастапқы тағайындау күнінен бастап көрсетілетін қызметті берушінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
24-4. Төтенше жағдай кезеңінде қолданылу мерзімі өткен зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар, оларды ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда, төтенше жағдай режимі аяқталатын айды қоса алғанда жүзеге асырылатын төлем кезінде ескеріледі.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Төтенше жағдай кезеңінде азық-түлік-тұрмыстық жиынтық:
атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға;
тұрақты негізде медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектерді және бас бостандығынан айыру орындарындағы мүгедектерді қоспағанда, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
тұрақты негізде медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектерді және бас бостандығынан айыру орындарындағы мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;
мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға;
халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тiркелген жұмыссыздарға ұсынылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бірнеше санаттарға жататын әрбір адамға тек бір негіз бойынша ғана азық-түлік-тұрмыстық жиынтық беріледі немесе ақшалай қаражат аударылады.".
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Н. Мұқышевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 26 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Б. Нурымбетов |