"Су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 қаңтарда № 19874 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13689 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрыққа 1-қосымшада:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Сызба геометриясы және инженерлік графика" пәні бойынша типтік оку бағдарламасы (пән коды – SGIG 1204, кредиттер көлемі – 3) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 8-1-тармағына және "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленген.";

      осы бұйрыққа 2-қосымшада:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Теңіз техникасы мен технологиясының ғылыми-техникалық мәселелері" пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы (пән коды – TTGTM 6301, кредиттер көлемі – 2) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 8-1-тармағына және "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленген.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы Б. Камалиев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі