Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 365 "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 18 қазандағы № 239 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 22 қазанда № 5226 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 30 маусымдағы № 142 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.06.2020 № 142 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 6-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 365 "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3487 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 қаңтарда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2016 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақтың 6) - тармақшасы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулының "Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті" деген 1-қосымшасында:

      "1. Жалпы ережелер" деген бөлімі келесідей мазмұндағы 1.1. тармақпен толықтырылсын:

      "1.1. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды немесе анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар бере отырып, объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды не "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.";

      "2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы" деген бөлімінде:

      3-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын тапсырады.";

      көрсетілген қаулының "Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті" деген 3-қосымшасында:

      "1. Жалпы ережелер" деген бөлімінде:

      1-тармақтағы "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" деген сөздер "Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулының "Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті" деген 4-қосымшасында:

      "1. Жалпы ережелер" деген бөлімінде:

      1-тармақтағы "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" деген сөздер "Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө.Шөкеев
      Қ.Қ.Айтмұхаметов
      Ә.Е.Тұрғымбеков
      Ж.Е.Аманбаев
      С.А.Қалқаманов
      М.И.Мырзалиев
      Ұ.Қ.Тәжібаев
      А.А.Абдуллаев
      А.Б.Тасыбаев