"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 82 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 сәуірде № 5333 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 30 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 12.02.2020 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылсын:

      1) "Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2016 жылғы 25 мамырдағы № 172 (2016 жылғы 04 шілдеде "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3792 болып тіркелді);

      2) "Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 172 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 488 (2018 жылғы 05 қаңтарда "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4446 болып тіркелді).

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы әкімдік қаулысын мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Қ. Ақсақалов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы "08" сәуірдегі № 83 қаулысымен бекітілді

"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) "Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11284 болып тіркелді) бекітілген "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.

      2. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес көрсетеді.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

      5. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидиялар алуға арналған өтінімді қарастыру нәтижелері туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің осы Регламенттің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша бас тарту туралы уәжді жауабы.

      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      7. Көрсетілетін қызметті алушы порталға көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес субсидиялар алуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама жолданады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері – 2 ( екі) жұмыс күні.

      Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы еңбек заңына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мыналар субсидиялауға тиесілі бағыттар:

      Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, соның ішінде:

      1) тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басымен, сондай-ақ балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге, табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға жұмсалатын шығындарды арзандату – ағымдағы жылғы 15 сәуірден 1 қазанға дейін;

      2) қойлардың, маралдардың (бұғылардың) аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге, тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды күтіп-бағуға жұмсалатын шығындарды арзандату – ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін;

      3) асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтардың шаруа (фермер) қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінің сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малының, сондай-ақ қойларының аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерін субсидиялау, эмбриондарды телу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау – ағымдағы жылғы 1 мамырдан 1 желтоқсанға дейін;

      4) өтінім беруге негіздер туындаған сәттен бастап алты айдан аспаған отандық және шетелдік шаруашылықтардан асыл тұқымды немесе таза тұқымды жануарларды сатып алу құнын арзандату, отандық және шетелдік шаруашылықтардан құстардың етті бағыттағы ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын сатып алуға және жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын сатып алуға жұмсалған шығындарын арзандату, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларының сатып алынған бір жынысты және қос жынысты ұрығының құнын арзандату – ағымдағы жылғы 25 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін;

      5) ірі қара малдың, шошқалардың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу – ағымдағы жылғы 25 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін.

      20 қаңтардан бастап 20 желтоқсанына дейінгі мерзімде мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiм сапасын арттыруға, оның ішінде мыналарға арналған өтінім ұсынады:

      сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 (мың) бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату; сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 (мың) бас болатын бордақылау алаңдарының бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату;

      ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату;

      өткізілген қозылар құнын арзандату;

      құс етiн (бройлер тауығының етін, күркетауық, суда жүзетін құс етін), тағамдық жұмыртқа (тауық жұмыртқасы), сүт (сиырдың, биенің, түйенің сүті), биязы және жартылай биязы жүн өндіру құнын арзандату;

      сүтті бағыттағы аналық мал басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы өтінімді порталға ұсынады, бұл автоматты түрде тиісті ауданның ауыл шаруашылығы Бөліміне (бұдан әрі – Бөлім) өңдеу үшін жіберіледі – 30 (отыз) минут;

      2) Бөлім тауар өндірушінің өтінімін "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17306 болып тіркелді) бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 6 және 8-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан салыстырып-тексереді, көрсетілген деректер сәйкес келген жағдайда, өтінім көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі – 7 (жеті) сағат 30 (отыз) минут;

      3) көрсетілетін қызметті беруші өтінімді мақұлдау туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға жібереді, облыс бойынша жиынтық акт қалыптастырады және ақы төлеуге жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні.

      Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) өтінімді қабылдау;

      2) өтінімді Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеру;

      3) өтінімді мақұлдау, облыс бойынша жиынтық актіні қалыптастыру.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының Қағидалармен белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келмеуі.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) Бөлімнің маманы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің маманы.

      11. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушы өтінімді порталға ұсынады, бұл автоматты түрде тиісті ауданның ауыл шаруашылығы Бөліміне өңдеу үшін жібереді – 30 (отыз) минут;

      2) Бөлім тауар өндірушінің өтінімін Қағидалардың 6 және 8-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан салыстырып-тексереді, көрсетілген деректер сәйкес келген жағдайда, өтінім көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі – 7 (жеті) сағат 30 (отыз) минут;

      3) көрсетілетін қызметті беруші өтінімді мақұлдау туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға жібереді, облыс бойынша жиынтық акт қалыптастырады және ақы төлеуге жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен мемлекеттік қызметті көрсету процесінде өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      12. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілмейді.

      13. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызмет алушының жүгіну және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің тәртібін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді (авторландыруды) жүзеге асырады;

      2) көрсетілетін қызметті алушы электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдайды, электрондық сұраудың жолдарын толтырады және құжаттар топтамасын бекітеді (болған жағдайда растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі);

      3) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрауды куәландыру;

      4) көрсетілетін қызметті берушімен электрондық сұрауды өңдеу (тексеру, тіркеу);

      5) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерін (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылы реттілігінің сипаттамасына сәйкес жүзеге асырады және ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды;

      6) көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік қызметтерді алу тарихында мемлекеттік қызмет көрсетудің электронды сұрау мәртебесі мен мерзімі туралы хабарландыруларды алуы.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу процессінің толық сипаттамасы, оның ұзақтығы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетіледі.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ерекшеліктерді ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mоа.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;

      3) egov.kz порталында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mоа.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Облыстың жергілікті атқарушы органы

Заңды мекенжайы

Жұмыс кестесі

2

3

4

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парк көшесі, 57В

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

  "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

Портал арқылы "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы