Павлодар облысы Павлодар қаласының Тәуелсіздік даңғылын қайта атау туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 4 және Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 20 наурыздағы № 344/30 бірлескен қаулысы мен шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 наурызда № 6274 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қаласының "Тәуелсіздік" даңғылы "Нұрсұлтан Назарбаев" даңғылы болып қайта аталсын.

      2. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов
      Сессия төрағасы,
      облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Бексейітова