Мәслихаттың 2014 жылғы 30 қазандағы № 235 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 311 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 қыркүйекте № 8678 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы № 383 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 15.05.2020 № 383 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 Жарлығына сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" 2014 жылғы 30 қазандағы № 235 шешіміне (2014 жылғы 27 қарашада "Маяк" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5164 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесінде "аудандық мәслихат" сөз тіркесі "ауданның мәслихаты" деп ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің 2-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж. Курмангалиев
      Аудан мәслихатының хатшысы С. Сапабеков