Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 263 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 312 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 қыркүйекте № 8677 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 90 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 28.03.2024 № 90 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 Жарлығына сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2015 жылғы 20 наурыздағы № 263 шешіміне (2015 жылғы 16 сәуірде "Маяк" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5510 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесінде "аудандық мәслихат" сөз тіркесі "ауданның мәслихаты" деп ауыстырылсын;

      көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:

      1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Бейімбет Майлин ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - қызметті алушы):";

      2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегін "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) тоқсанына бір рет көрсетеді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж. Курмангалиев
      Аудан мәслихатының хатшысы С. Сапабеков