Денисов ауданы мәслихатының 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 57 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2019 жылғы 19 шілдедегі № 48 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 шілдеде № 8599 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 71 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 16.09.2020 № 71 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 57 шешіміне (2013 жылғы 15 қарашада "Наше время" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4251 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, табыстарын есепке алмай, 300 000 (үш жүз мың) теңге мөлшерінде;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 9 мамырдан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.