Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы 26 сессиясының № 242 "Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне тол

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қазандағы № 383 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 қазанда № 5514 болып тіркелді

      ЗҚАИ ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Нұра аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы 26 сессиясының № 242 "Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2614 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы № 18 (5355) "Нұра" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 5 мамырда жарияланған), келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6 тармақ мынадай мазмұндағы 1-2), 1-3), 1-4), 1-5) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "1-2) 26 сәуір – Чернобыль атомдық электростанциясындағы жарылыс күні;

      1-3) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні;

      1-4) 6 шілде – Астана күні;

      1-5) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;";

      9 тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшасымен толықтырылсын:

      "8-1) Нұра ауданының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар кедейшілік шегінен төмен табысы бар аз қамтылған көпбалалы отбасыларға;".

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, Д. Алшинбаев
      аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Оспанов