Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы 35 сессиясының № 35/5 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 1 наурыздағы № 37/4 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 наурызда № 5228 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 13/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 22.02.2024 № 13/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы 35 сессиясының № 35/5 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2938 болып тіркелген, 2015 жылдың 3 ақпанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, 2015 жылдың 4 ақпанында № 3 "Вести Темиртау" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1) 2-тармақтың 9) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "9) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      2) 6-тармақ келесі мазмұндағы 2-1) тармақшасымен толықтырылсын:

      "2-1) Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы И. Абишов
      Мәслихат хатшысы А. Ломакин