Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 19 "Маржанбұлақ ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 18 қазандағы № 365 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 қазанда № 6425 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Ақтөбе облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 4 қорытындысы негізінде аумақ халқының пікірін ескере отырып, Маржанбұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 19 "Маржанбұлақ ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-69 тіркелген, 2009 жылғы 03 ақпанда "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      қазақ тіліндегі шешімнің 1 тармағындағы "№ 7. Ы. Алтынсарин" сөздері "№ 7. Аққұдық" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. "Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Ж. Шабаров