07.10.2019

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Банктік емес ұйымдарды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 7 қазандағы
№ 165 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы № 170 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5406 болып тіркелген, 2008 жылғы 14 қаңтарда "Заң газеті" газетінде № 5 (1428) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) нысаналы орналастыруды бақылау үшін қор биржасының жүйесі (бақылау жүйесі) – оған қосылған тұлғаларға мыналарды:

      қосылған тұлғаның клиенттің атынан мәмілелер жасауға уәкілетті брокері үшін лимиттер анықтауға;

      егер осындай мәмілелер бойынша есеп айырысу нақты уақыт режимінде және клирингтік ұйымының қызметін пайдаланусыз жүзеге асырылған жағдайда, кастодиан клиентінің атынан уәкілетті брокер жасаған мәмілелерді растауға;

      кастодиан клиентінің тапсырмасы бойынша брокер жасаған мәмілелерді есеп айырысуларға қабылдауға мүмкіндік беретін қор биржасының бағдарламалық-техникалық кешені;";

      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді орындау үшін активтерді жеткізу арқылы қор биржасының есеп айырысу ұйымдарының алдында өз міндеттемелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес өзге де міндеттемелерді уақтылы және толығымен орындайды;";

      35-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:

      "36-1. Қағидалардың 36-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген операциялар орталық контрагент қызметтерін пайдалануымен және (немесе) орталық контрагент қызметтерін пайдаланусыз жасалады.";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Нысаналы орналастыруды бақылау үшін қор биржасының жүйесі";

      52, 53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Қор биржасының ішкі құжаттары кастодианға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық қорының, Қазақстан Республикасының арнайы қаржы компаниясының активтерін нысаналы орналастыруын бақылауға мүмкіндік беретін тәртібі мен рәсімдерін анықтайды.

      53. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, инвестициялық қорларға, Қазақстан Республикасының арнайы қаржы компанияларына қызмет көрсететін кастодиандар "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 73-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілген клиенттердің активтерін нысаналы орналастыруға (пайдалануға) бақылауды жүзеге асырады.

      54. Қор биржасының бақылау жүйесі активтерді нысаналы орналастыру мақсатында кастодианға мына механизмдерінің бірін пайдалануға мүмкіндік береді:

      1) кастодиан клиентінің атынан брокер жасаған мәмілелерді растау егер осындай мәмілелер бойынша есеп айырысу нақты уақыт режимінде және клирингтік ұйымының қызметтерін пайдаланбаған жағдайда;

      2) кастодиан клиентінің тапсырмасы бойынша брокер жасаған мәмілелерді есеп айырысуларға қабылдауға;

      3) кастодиан клиентінің атынан мәмілелер жасауға уәкілетті брокері үшін лимиттер анықтауға.";

      мынадай мазмұндағы 54-1-тармақпен толықтырылсын:

      "54-1. Растау жүйесінің қызмет көрсететін кастодиан растамаған немесе олардың есеп айырысуына қабылданбаған қаржы құралдарымен мәмілелер оны жасаған брокердің меншікті активтері есебінен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және талаптарда орындалады.";

      11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындау";

      55 және 56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындау тәртібі оның ішкі құжаттарында айқындалады, онда өзге де ықтимал талаптардан басқа қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша мынадай талаптар қамтылады:

      1) қаржы құралдармен жасалған мәмілелерді тіркеу (қаржы құралдарға меншік құқығының ауысуын тіркеу) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында және орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында белгіленген тәртіпте орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жүзеге асырылады;

      2) қаржы құралдармен мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындау мынадай тәсілдердің бірімен "төлемге қарсы жеткізілім" принципі бойынша жүзеге асырылады:

      олардың сауда жүйесінде тіркелу кезектілігі тәртібімен қор биржасы мүшелерінің басқа мәмілелері бойынша талаптар мен міндеттемелерді өзара есепке жазуды жүргізбестен әрбір жекелеген мәміле негізінде нақты уақыт режимінде;

      қор биржасының жекелеген мүшесі бұрын жасаған мәмілелер бойынша талаптар мен міндеттемелерді өзара есепке жазуды жүзеге асыру нәтижелері бойынша айқындалған және ағымдағы күні орындалуға тиіс таза позициялар (нетто-талаптар және (немесе) нетто-міндеттемелер) негізінде сауда-саттық қорытындылары бойынша;

      орталық контрагент қызметтерін пайдалануымен және қор биржасының жекелеген мүшесі бұрын жасаған мәмілелер бойынша талаптар мен міндеттемелерді өзара есепке жазуды жүзеге асыру нәтижелері бойынша айқындалған және ағымдағы күні орындалуға тиіс таза позициялар негізінде сауда-саттық қорытындылары бойынша;

      3) қаржы құралдарын сатып алу-сату мәмілелері бойынша міндеттемелерді орындау қор биржасына қызмет көрсететін клирингтік ұйымы (орталық контрагент) қолданатын өзге принциптер, әдістер мен тәсілдер бойынша жүзеге асырылады.

      56. Егер сауда-саттыққа қатысушының орталық депозитарийде жеке шоты болмаған жағдайда оның бағалы қағаздармен жасалған мәмілелердің орындалуы осы сауда-саттыққа қатысушының орталық депозитарийдің депонентінің жеке шоты шеңберінде қосалқы шоты бойынша жүргізіледі.".

      2. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау қағидаларын және акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 60 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7540 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдеде "Егемен Қазақстан" газетінде № 369-374 (27448) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау қағидаларында:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және қаржы құралдарын және акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіретін өзге мүлікті инвестициялау тәртібін белгілейді.";

      4- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Басқарушы компания қаржы құралдарымен мәмілелер жасаған кезде "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында, "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 болып тіркелген) белгіленген талаптарды басшылыққа алады.";

      2-қосымшаға сәйкес Акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесі осы Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      4. "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 120 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7641 болып тіркелген, 2012 жылғы 8 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 477-482 (27555) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      2) тармақша алып тасталсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) депозитарлық – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу, бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру бойынша қызметпен, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметпен, трансфер-агенттік қызметпен;".

      5. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібінде:

      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қағидалардың мақсаттары үшін шетелдік есеп айырысу ұйымы ретінде мыналар ұғынылады:

      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі;

      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі;

      Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел ұйымы;

      Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын, мынадай талаптарға сәйкес келетін шетелдік ұйым:

      осы заңды тұлға шыққан елде бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және (немесе) қадағалау функциясын жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – шетелдік қадағалау органы) берген бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы (рұқсаты) бар;

      осы заңды тұлға шыққан елдің шетелдік қадағалау органы Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының Консультациялар беру, ынтымақтасу және ақпаратпен алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға қол қойған;

      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елде тіркелген заңды тұлға болып табылады.";

      16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Брокерге және (немесе) дилерге брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген қолданыстағы лицензиясының болуы туралы ақпаратты осы брокер және (немесе) дилер өзінің интернет-ресурстарына (Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 3-бабының 1-тармағында айқындалған уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына сілтемені қоса алғанда) орналастырады.";

      19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы клиенттің есебінен және оның мүддесіне орай жасау болжанатын қаржы құралдарымен мәмілелерге қатысты белгіленген шектеулер мен айырықша талаптар туралы клиентке хабардар ету брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген нысанда ресімделеді және брокердің және (немесе) дилердің интернет-ресурсында және (немесе) сауда платформасында (бағдарламалық қамтамасыз етуінде) орналастырылады және (немесе) электрондық поштамен немесе немесе өзге мүмкіндігі бар байланыс түрлерімен осындай хабарламаны жіберу негіздемесі туындаған күні жіберіледі.";

      36-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мүддесінде қаржы құралдарымен мәміле жасау болжанған клиент туралы мәліметтер:

      жеке тұлға үшін:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі;

      заңды тұлға үшін:

      атауы;

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) клиенттік тапсырыстың қабылданған күні және уақыты (сағат пен минута форматында);";

      37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Клиенттің брокерге және (немесе) дилерге беруге тиісті клиенттік тапсырыстың нысаны мен клиенттік тапсырыс даналарының саны брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленеді. Егер Қағидаларда өзгеше көзделмесе, клиенттік тапсырысқа клиент немесе оның өкілі қол қояды.

      Брокер және (немесе) дилер клиенттік тапсырысты алған кезде клиенттік тапсырысқа қол қойған адамның өкілеттігін тексереді, оның ішінде клиенттік тапсырыстардағы (қағаз тасымалдағышта) қолтаңбалардың қол қою үлгілері бар (оның ішінде клиенттік тапсырыстарға қол қою құқығына ие заңды тұлға өкілдерінің) нотариат куәландырған құжатта немесе жеке тұлғаның не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген қолтаңбаларға олардың сәйкестігін салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

      Брокер және (немесе) дилер клиентінің өз қолымен қойған қолтаңбасын механикалық немесе өзгеше көшіру көмегімен қолтаңбаны факсимильді және (немесе) электронды көшіру құралдары, сондай-ақ телефон байланысы немесе нақты уақыт режиміндегі мәтіндік (дауысты) хабарламалармен алмасу бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы брокерге және (немесе) дилерге берілетін клиенттік тапсырыстарды брокер және (немесе) дилер баламалы байланыс түрлері арқылы берген клиенттік тапсырыстар тізіліміне енгізеді. Көрсетілген тізілім клиенттік тапсырыстарды баламалы байланыс түрлері арқылы беру құқығы берілген брокердің және (немесе) дилердің әрбір клиенттері бөлігінде толтырылады. Тізілім бір айға тең кезеңге жүргізіледі және ол брокердің және (немесе) дилердің клиенттік тапсырысты алған күнін, тапсырыс негізінде жасалуға тиісті мәміле түрін, клиенттік тапсырыс клиентке берілген арқылы байланыс түрін қамтиды. Клиент баламалы байланыс түрлері арқылы клиенттік тапсырыстар берген есепті айдан кейін брокер және (немесе) дилер клиентте немесе оның уәкілетті өкілінде көрсетілген тізілімге қол қояды.

      Клиенттің немесе оның өкілінің тізілімге қол қоюы клиент немесе оның өкілі баламалы байланыс түрлері арқылы берген клиенттік тапсырысты берудің дұрыстығын растайды.

      Клиенттік тапсырысты электрондық құжат нысанында немесе өзге электрондық цифрлық нысанында, оның ішінде SWІFT жүйесін, Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерін, нақты уақыт режиміндегі мәтіндік (дауысты) хабарламалармен алмасу бағдарламалық қамтамасыз етуді не өзге сауда платформаларын пайдалану арқылы жасауға және беруге жол беріледі (номиналды ұстаушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің клиенті электрондық қызметті алуға өтініш жасаған жағдайда).

      38. Клиенттік тапсырысты Қағидалардың 37-тармағының үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес брокердің және (немесе) дилердің клиенттік тапсырыстар тізілімін кейіннен толтыру мен жүргізумен телефон байланысы құралдарымен беруге жол беріледі. Клиенттік тапсырысты телефон байланысы немесе бейнеконференц байланысы құралдарымен қабылдаған кезде аудиотехника немесе өзге арнайы техникалық құралдарды пайдалану арқылы клиентпен не оның клиенттің атынан клиенттік тапсырысты телефон байланысы немесе бейнеконференц байланысы құралдарымен беруге уәкілетті өкілімен сөйлесу жазбасын жазу (бұдан әрі - телефон жазбасы немесе бейнежазбасы) жүзеге асырылады.

      Клиенттік тапсырыстың телефон жазбасы немесе бейнежазбасы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген мәліметтерді қамтиды.

      Брокердің және (немесе) дилердің және оның клиентінің іс-әрекеттері клиенттік тапсырыстың телефон жазбасының немесе бейнежазбасының түпнұсқасына сәйкес келмесе брокерлік шартпен анықталады.

      Брокердің және (немесе) дилердің клиенттік тапсырысты телефон байланысы немесе немесе бейнеконференц байланысы құралдарымен қабылдаған кезде клиенттерді сәйкестендіру талаптары мен тәртібі брокерлік шартта және брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында айқындалады және онда клиентті мынадай ақпарат бойынша сәйкестендіру де қамтылады:

      жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса), жеке шот нөмірі;

      заңды тұлға үшін: заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса), жеке шот нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), заңды тұлғаның клиенттік тапсырысты беретін өкілінің лауазымы.

      Брокер және (немесе) дилер Қағидалардың осы тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген ақпаратқа рұқсаты бар тұлғалардың тізбесін айқындайды және ішкі құжаттарға сәйкес оларды есепке алуын жүргізеді.";

      мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:

      "45-1. Брокер және (немесе) дилер клирингтік ұйымының (орталық контрагенттің) алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында клирингтік ұйымының (орталық контрагенттің) шотына ақша аударуға құқылы.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Банк болып табылмайтын бірінші санатты брокердің және (немесе) дилердің тәуекелдерінің өтелуін сипаттайтын көрсеткіштер мәндерінің № 214 қаулымен белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде брокерге және (немесе) дилерге есеп айырысу кезеңі 5 (бес) жұмыс күніне дейінгі мәмілелер жасауға рұқсат етіледі, бұл кезде мәміленің бір тарабының қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындауы мәміле жасалған күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күн ішінде мәміленің басқа тарабының ақшаны немесе қаржы құралын жеткізу жөніндегі қарсы міндеттемелерін орындауымен мүмкін болады. Көрсетілген мәмілелер бойынша есеп айырысулар мәміле тарабының қаржы құралдарын жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындауы оның өзге қаржы құралдарын алу жөніндегі қарсы талаптарын орындаусыз немесе орталық контрагенттің қызметтерін қолданумен мүмкін болмайтын "төлемге қарсы жеткізу" принципі бойынша орталық депозитарий немесе шетелдік есеп айырысу ұйымдары арқылы жүзеге асырылады.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Брокер және (немесе) дилер қор биржасының сауда-саттық жүйесінде немесе халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында жүзеге асыратын "репо" операциялары, сондай-ақ мәмілелер мәні болып табылатын қаржы құралдарын кері сатып алу не кері сату міндеттемелерін көздейтін өзге де операциялары брокердің және (немесе) дилердің меншікті ақшасы есебінен брокерлік шартының шеңберінде клиенттің бұйрығына сәйкес күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімге ("репо" операциясының және өзге де операциялардың бастапқы мерзімін ұзартуды ескере отырып) жасалады.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Брокердің және (немесе) дилердің немесе оның тапсырмасы бойынша мәміле жасасу жоспарланған клиентінің тиісті шотында бағалы қағаздардың қажетті саны немесе ақша болмаған кезде брокер және (немесе) дилер есеп айырысулары "төлемге қарсы жеткізу" қағидаты бойынша (мәміленің бір тарабының қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауы мәміленің басқа тарабының ақшаны немесе қаржы құралын жеткізу жөніндегі қарсы міндеттемелерді орындауымен мүмкін болатын) жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен мәмілені жасаспайды (мәміле жасасуға өтінім бермейді).

      Осы тармақ Қағидалардың 49 және 49-1-тармақтарында көрсетілген жағдайларға, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер бағалы қағаздармен жасаған мәмілелерге қолданылмайды.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Брокер және (немесе) дилер ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда жасалған туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) қосылу үшін апта сайын есепті кезеңнен кейінгі аптаның бірінші жұмыс күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 14-00-ден кешіктірмей орталық депозитарийге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12957 болып тіркелген "Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 254 қаулысымен бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру қағидаларының және орталық депозитарийдің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес ақпаратты ұсынады.

      Ақпарат ақпаратты беру күніндегі барлық қолданыстағы ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықта туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша, сондай-ақ есепті кезеңде жасалған және орындалған мәмілелер бойынша ұсынылады.";

      63-1, 63-2, 63-3 және 63-4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "63-1. Брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиясы болған кезде (қолма-қол емес шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бөлігінде) Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңнамасының мақсатында валюталық бақылау агентінің функциясын орындайтын уәкілетті банк болып танылады.

      Валюталық бақылау агентінің функциясын орындайтын уәкілетті банк ретінде танылатын брокер және (немесе) дилер қолма-қол емес нысанда шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша мәмілелерін (қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес валюталық своп операцияларына жататын мәмілелерді қоспағанда) жасайды:

      1) меншікті активтер есебінен;

      2) активтер есебінен және өз клиенттерінің тапсырмасы бойынша;

      3) басқаруындағы активтердің есебінен (брокерлік және (немесе) дилерлік қызметі инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметімен қоса атқарған кезде).

      63-2. Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 15 сәуірде № 18512 болып тіркелген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысында, Қағидаларында, брокер және (немесе) дилер клиенттік активтерінің және қатысты брокерлік шартта меншікті активтерге және (немесе) басқаруындағы активтерге қатысты (инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен қоса атқарған кезде) брокерлік шартта көзделген тәртіпте қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

      Валюталық бақылау агентінің функциясын орындайтын уәкілетті банк ретінде танылатын брокер және (немесе) дилер, жүргізілген валюталық операциялар туралы есепті Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18544 болып тіркелген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулысына сәйкес жібереді.

      63-3. Брокер және (немесе) дилер, оған және оның клиенттеріне тиесілі қолма-қол емес шетел валютасын есепке алу және сақтау үшін брокердің және (немесе) дилердің үлестес тұлғалары болып табылмайтын банктерде және (немесе) орталық бағалы қағаздар депозитарийінде және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымдарында бөлек банк шоттарын ашады. .

      Осы талап қор биржасында брокерге және (немесе) дилерге және оның клиенттеріне тиесілі қолма-қол емес шетел валютасын есепке алған және сақтаған жағдайда қолданылмайды.

      63-4. Брокердің және (немесе) дилердің қор биржасында қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу немесе сату мәмілелерін жасауы мынадай тәсілдермен:

      1) сатып алынатын қолма-қол емес шетел валютасына толығымен алдын ала ақы төлеу немесе сатылатын қолма-қол емес шетел валютасын алдын ала жеткізу талаптарымен;

      2) қор биржасының (клирингтік ұйымының) ішкі құжаттарына сәйкес сатып алынатын қолма-қол емес шетел валютасына жартылай алдын ала ақы төлеу немесе сатылатын қолма-қол емес шетел валютасын жартылай алдын ала жеткізу талаптарымен жүзеге асырылады.";

      63-5-тармақ алып тасталсын;

      63-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63-6. Клирингтік ұйымның және (немесе) орталық контрагенттің қызметін қолдана отырып қор биржасында қолма-қол емес шетел валютасымен мәмілелер жасау талаптары мен тәртібі, сондай-ақ осындай мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету талаптары мен тәртібі қор биржасының, клирингтік ұйымның және (немесе) орталық контрагенттің ішкі құжаттарында белгіленеді.

      Брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында қолма-қол емес шетел валютасымен мәмілелер жасау тәртібіне (жасауға өтінім беруге) қойылатын қосымша талаптар айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 65-1-тармақпен толықтырылсын:

      "65-1. Уәкілетті органның аударым операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы жоқ брокер және (немесе) дилер оның ақшасын үшінші тұлғалардың пайдасына аудару (есептен шығару) бойынша клиенттің тапсырмасын, егер осы тапсырма осы брокер және (немесе) дилер арқылы қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клиенттің міндеттемелерін орындалмауына байланысты болса орындамайды.

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Брокер және (немесе) дилер осы брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен мынадай есепке алу журналдарын жүргізу арқылы сенімді және өзекті (есеп деректерін өзгерту үшін негіздер туындаған күні) есепті жүргізеді:

      1) клиенттік тапсырыстар және олардың орындалуы (орындалмауы);

      2) қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер және олардың орындалуы (орындалмауы);

      3) жеке шоттардағы қаржы құралдары және олардың санындағы өзгерістер;

      4) жеке шоттардағы ақша және олардың санындағы өзгерістер;

      5) қаржы құралдары бойынша түскен және бөлінген кірістер;

      6) клиенттердің наразылықтары және оларды қанағаттандыру шаралары;

      7) клиенттік тапсырыстардың орындалуы туралы клиенттер берген есептер;

      8) жасалған брокерлік шарттар және номиналдық ұстау шарттары;

      9) брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтерінің есебінен жасалған мәмілелерге қатысты қабылданған инвестициялық шешімдер;

      10) басқа брокерге және (немесе) дилерге тапсырылған қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға берілген бұйрықтар және (немесе) тапсырмалар;

      11) клиенттердің брокерге және (немесе) дилерге және (немесе) оның қызметкеріне (қызметкерлеріне) осындай клиенттер есебінен және мүдделерінде қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға берген сенімхаттар;

      12) валюталық шарттар.

      Осы тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген журналды жүргізуді брокерлік және дилерлік қызметті инвестициялық портфелді басқару қызметімен қоса атқаратын брокер және (немесе) дилер жүзеге асырады.

      Осы тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген журналды жүргізуді уәкілетті органның шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиясы болған кезде брокер және (немесе) дилер жүзеге асырады.";

      70, 71, 72 және 73-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Егер бұл брокерлік шартпен брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында көзделген болса, бірінші санатты брокер және (немесе) дилер клиенттердің тапсырмалары негізінде бағалы қағаздарды немесе қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу-сату мәмілелерін жасайды, брокер және (немесе) дилер олар бойынша есеп айырысуларды брокердің және (немесе) дилердің қайтарымдылық және төлем жасалу талаптарында клиентке берген ақшаны немесе бағалы қағаздарды пайдалана отырып жасайды (бұдан әрі - маржиналдық мәмілелер).

      Бұл ретте брокерлік шартта көрсетілген ақшаны, шетел валютасын немесе бағалы қағаздарды қайтару бойынша міндеттемелерді орындау талаптары мен тәртібі, тараптардың жауапкершілігі, сондай-ақ маржиналдық мәмілелерді жасау талаптары болады.

      Маржиналдық мәмілені жасауға арналған клиенттік тапсырыста Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа мыналар болады:

      брокердің және (немесе) дилердің клиентке ақшаны, шетел валютасын немесе бағалы қағаздарды беру мерзімі;

      брокердің және (немесе) дилердің клиентке маржиналдық мәмілені жасау үшін беретін ақша немесе шетел валютасының сомасы немесе бағалы қағаздар саны;

      клиент брокердің және (немесе) дилердің алдында өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге беретін ақша немесе шетел валютасының сомасы немесе бағалы қағаздар саны.

      71. Клиент маржиналдық мәмілені жасауға клиенттік тапсырысқа қол қойған кезінде брокерге және (немесе) дилерге брокердің және (немесе) дилердің уәкілетті тұлғасының атына клиенттің брокер және (немесе) дилер алдындағы берешегін өтеу мақсатында жүзеге асырылатын мәмілелерді жасаған кезде қажетті құжаттарға қол қоюға берілген сенімхатты береді, не Қағидалардың 80-тармағының талаптарын клиент орындамаған кезде қаржы құралдарын сатып алуға (сатуға) лимиттік тапсырысты береді.

      72. Маржиналдық мәмілелерді жасауға арналған клиенттік тапсырысты брокер және (немесе) дилер мынадай талаптарда орындауға қабылдайды:

      1) маржаның шектеулі деңгейін сақтау (клиенттің маржиналдық мәмілені қамтамасыз ету есебіне енгізілетін пайызбен берілген маржаның ең төменгі мөлшері);

      2) клиенттің маржиналдық мәмілені жасау нәтижесінде туындаған өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге клиентке тиесілі және (немесе) брокер және (немесе) дилер клиенттің маржиналдық мәмілені жасау нәтижесінде туындаған өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге клиентке тиесілі және (немесе) маржиналдық мәмілені жасау нәтижесінде клиент үшін алынатын ақшаны немесе шетел валютасын беруі талаптармен осы маржиналдық мәмілені жасау нәтижесінде клиент үшін сатып алатын бағалы қағаздарды беруі.

      73. Брокер және (немесе) дилер маржиналдық мәмілелерді жасаған кезде:

      1) ақшаны немесе шетел валютасын аудару және (немесе) брокерге және (немесе) дилерге тиесілі бағалы қағаздарды жеткізу арқылы клиенттің тапсырмаларын орындайды;

      2) Қағидаларда көзделген жағдайларда, клиенттің маржиналдық мәміле бойынша қамтамасыз етуі болып табылатын ақшасына клиенттің брокер және (немесе) дилер алдындағы бағалы қағаздарды жеткізу немесе шетел валютасын сатып алу жөніндегі міндеттемелерін орындау үшін қажет болатын санда бағалы қағаздарды немесе шетел валютасын сатып алады;

      3) Қағидаларда көзделген жағдайларда, маржиналдық мәмілелерді жасау салдарынан туындаған брокер және (немесе) дилер алдындағы клиенттің міндеттемелері бойынша клиентпен есеп айырысуларды жүргізу үшін жеткілікті болатын көлемде клиенттің жеке шотында ескерілетін бағалы қағаздарды немесе банк шотында ескерілетін шетел валютасын сатады.";

      74-тармақ алып тасталсын;

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Брокер және дилер маржиналдық мәмілені жасау үшін клиентке ақша берген жағдайда, клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуі ретінде мыналар:

      1) ықтимал залалдарға резервтерді шегеріп, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің ұлттық шкаласы бойынша ұлттық шқаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары;

      2) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "Акциялар" секторының "Премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғалардың акциялары және (немесе) шетел валютасында номиналданған және "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында көпшілік сауда-сатыққа жіберілген заңды тұлғалардың акциялары немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі заңды тұлғалардың акциялары;

      3) ықтимал залалдарға резервтерді шегеріп (негізгі борыш және есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып), Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының резиденттер заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      4) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімі "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары, шетел валютасында номиналданған және "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында көпшілік сауда-сатыққа жіберілген Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      6) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары;

      7) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетел валютасы;

      8) ықтимал залалдарға резервтерді шегеріп (негізгі борыш және есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып), Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және Қағидалардың 75-1-тармағында анықталған есептік көрсеткіштердің (индекстердің) құрамына кіретін басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының резиденттер заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      9) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қағидалардың 75-1-тармағында анықталған есептік көрсеткіштердің (индекстердің) құрамына кіретін акциялар қабылданады.";

      мынадай мазмұндағы 75-1-тармақпен толықтырылсын:

      "75-1. Брокер және дилер Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің бағалы қағаздарымен маржиналдық мәмілені жасау үшін клиентке ақша берген жағдайда, бұл бағалы қағаздар төменде көрсетілген есептік көрсеткіштердің (индекстердің) біреуінің құрамына кіреді:

      AІX (Astana Іnternatіonal Exchange);

      САС 40 (Compagnіe des Agents de Change 40 Іndex);

      DAX (Deutscher Aktіenіndex);

      DJІA (Dow Jones Іndustrіal Average);

      EURO STOXX 50 (EURO STOXX 50 Prіce Іndex);

      FTSE 100 (Fіnancіal Tіmes Stock Exchange 100 Іndex);

      HSІ (Hang Seng Іndex);

      KASE (Kazakhstan Stock Exchange Іndex);

      MSCІ World Іndex (Morgan Stanley Capіtal Іnternatіonal World Іndex);

      MOEX Russіa (Moscow Exchange Russіa Іndex);

      NІKKEІ 225 (Nіkkeі-225 Stock Average Іndex );

      RTSІ (Russіan Trade System Іndex);

      S&P 500 (Standard and Poor's 500 Іndex);

      TOPІX 100 (Tokyo Stock Prіce 100 Іndex);

      NASDAQ-100 (Nasdaq-100 Іndex);

      Брокерге және (немесе) дилерге "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 Бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 18 ақпанда № 6058 болып тіркелген "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесінде көрсетілген елдердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздармен мәміле жасау үшін клиентке ақшалай қаражат беруге рұқсат етілмейді.";

      76 және 77-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Туындайтын тәуекелдерді басқару мақсатында брокер және (немесе) дилер әрбір мәміле үшін маржа деңгейін есептейді. Маржа деңгейі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      УМд– брокер және (немесе) дилер маржиналдық мәмілені жасау үшін клиентке ақша берген кезде есептелетін маржа деңгейі;

      СДб – клиент маржиналдық мәмілені жасау үшін қамтамасыз ету ретінде ұсынатын ақша сомасы;

      СЦБк – ағымдағы жұмыс күнінің соңына брокер және (немесе) дилер клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде қабылдайтын, маржиналдық мәмілені жасау нәтижесінде алынған клиенттің бағалы қағаздарының немесе шетел валютасының ағымдағы нарықтық құны.

      77. Ұйымдастырылған немесе халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарығында мәміле жасасқан кезде клиентпен жасалған брокерлік шартта маржаның аса жоғары шектеулі деңгейі көзделмеген жағдайда, маржаның шектеулі деңгейі 30 (отыз) пайызды құрайды.

      Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында мәміле жасасқан кезде клиентпен жасалған брокерлік шартта маржаның аса жоғары шектеулі деңгейі көзделмеген жағдайда, маржаның шектеулі деңгейі 50 (елу) пайызды құрайды.

      Қолма-қол жасалмайтын шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша мәмілені жасау кезінде

      Қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша мәміле жасау кезінде клиентпен жасалған брокерлік шартта маржаның аса жоғары шектеулі деңгейі көзделмеген жағдайда, маржаның шектеулі деңгейі 10 (он) пайызды құрайды.";

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Брокер және (немесе) дилер клиентке маржа деңгейінің ең төменгі деңгейге дейін төмендегенін хабарлайды, бұл ретте маржиналдық мәмілені жасау үшін қамтамасыз ету ретінде клиент енгізген ақша немесе шетел валютасы немесе бағалы қағаздар көлемі маржиналдық мәміленің мәні болып табылатын қаржы құралы бағасының өзгеруі нәтижесінде аталған маржиналдық мәміле бойынша клиент алған шығындар көлеміне балама.

      Брокер және (немесе) дилер брокерлік шартта ең жоғары маржа деңгейін қамтамасыз етуі мүмкін.

      Маржа деңгейі ең төменгі маржа деңгейіне дейін төмендеген жағдайда және клиент брокерлік шартта белгіленген мерзімде осы деңгейді шектеулі маржа деңгейіне дейін көтеруге жеткілікті мөлшерде ақша немесе шетел валютасын немесе бағалы қағаздарды орналастырмаған болса,

      Брокер және (немесе) дилер брокерге және (немесе) дилерге клиенттің берешегін өтеу үшін жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуді құрайтын клиентке тиесілі бағалы қағаздарды немесе шетел валютасын іске асырады немесе қамтамасыз етуді құрайтын клиенттің ақшасы есебінен бағалы қағаздарды немесе шетел валютасын сатып алады.";

      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Брокер және (немесе) дилер айына кемінде бір рет жеке және банк шоттардағы қаржы құралдарының саны мен ақша қаражаттары туралы өз есебінің деректерін осы брокер және (немесе) дилер үшін ашылған шоттардағы қаржы құралдары мен ақша сомасы туралы орталық депозитарийдің, клирингтік ұйымдардың және (немесе) есеп айырысу ұйымдарының, кастодиандар мен банктердің деректерімен салыстырып тексереді.

      Қаржы құралдары мен ақшаның санында сәйкессіздіктер болмаса, шетелдік есеп айырысу ұйымы ұсынған үзінді-көшірме салыстырып тексеру актісі ретінде танылады. Егер брокер және (немесе) дилер клиенті (контрагент) үзінді-көшірмені алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде берілген деректерден қате шыққаны жөнінде мәлімдемесе, үзінді-көшірме дұрыс болып есептеледі және салыстырып тексеру актісі ретінде танылады.

      Брокер және (немесе) дилер күн сайын орталық бағалы қағаздар депозитарийіне әрбір клиенттің орталық бағалы қағаздар депозитарийінде ашылған шотындағы және эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуға арналған ақша сомасы туралы мәліметті береді.".

      6. "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 16 сәуірде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      8-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) клиенттің активтерін есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын кастодиан туралы мәліметтер немесе клиенттің инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға табыс етілген бағалы қағаздарын есепке алуды жүзеге асыратын номиналды ұстаушы немесе шетелдік есеп айырысу ұйымы туралы мәліметтер;";

      17-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) уәкілетті органның соңғы он екі ай ішінде осы инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты қолданған қадағалап ден қою шаралары, санкциялары, әкімшілік жаза және өзге де ықпал ету шаралары туралы мәліметтерді. Әкімшілік жаза бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушыға немесе оның лауазымды тұлғаларына әкімшілік жаза қолдану туралы ақпарат беріледі;";

      20-тармақта:

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) инвестициялық портфельді басқарушының есепке алу жүйесіндегі клиенттің активтері туралы мәліметтердің клиенттің инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға тапсырылған активтерін есепке алуды жүзеге асыратын кастодианның немесе номиналды ұстаушының және шетелдік есеп айырысу ұйымының мәліметтеріне сәйкес келмеуі және осы сәйкессіздіктің пайда болу себептері;

      3) уәкілетті органның соңғы он екі ай ішінде осы инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты қолданған қадағалап ден қою шаралары, санкциялары, әкімшілік жаза және өзге де ықпал ету шаралары. Әкімшілік жаза бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушыға немесе оның лауазымды тұлғаларына әкімшілік жаза қолдану туралы мәліметтер ұсынылады;";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Инвестициялық портфельді басқарушы туынды қаржы құралдарымен ұйымдастырылмаған нарықта брокердің қызметін пайдаланбастан дербес жасалған мәмілелерді жүргізуді орталық депозитарий жүзеге асыратын тізілімге (бұдан әрі – тізілім) енгізу үшін есепті аптадан кейінгі аптаның бірінші жұмыс күнінің Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 14-00-ден кешіктірмей орталық депозитарийге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17920 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысымен бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру қағидаларының талаптарына және орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес ақпарат ұсынады.

      Ақпарат ақпаратты беру күніндегі барлық қолданыстағы ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықта туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша, сондай-ақ есепті кезеңде жасалған және орындалған мәмілелер бойынша ұсынылады.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Кастодиан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру ұйымдарының меншікті активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельді құрайтын активтерді есепке алуды және сақтауды, сондай-ақ инвестициялық қорлардың активтерін және арнайы қаржы компаниясының активтерін есепке алуды және сақтауды кастодиан мен инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалған кастодиандық шарт негізінде жүзеге асырады.

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген инвестициялық портфельді басқарушының клиенттерін қоспағанда, клиенттердің бағалы қағаздарын есепке алуды инвестициялық портфельді басқарушы мен номиналды ұстаушының арасында жасалған номиналды ұстау туралы шарттың негізінде бағалы қағаздарды номиналды ұстау жөніндегі қызметтерді көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы (бұдан әрі - номиналды ұстаушы) немесе шетелдік есеп айырысу ұйымы жүзеге асырады.

      Кастодиан бағалы қағаздардан басқа, клиенттердің активтерін есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады.

      Қағидалардың мақсаттары үшін шетелдік есеп айырысу ұйымы деп мыналар түсініледі:

      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі;

      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің осындай деңгейдегі рейтингі бар, бейрезидент бас банктің еншілес банкі болып табылатын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі;

      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің осындай деңгейдегі рейтингі бар, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйым;

      Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын, мынадай талаптарға сай келетін шетелдік ұйым:

      заңды тұлғаның шыққан елінде бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – шетелдік қадағалаушы орган) берген бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы (рұқсаты) бар;

      заңды тұлғаның шыққан елінің шетелдік қадағалаушы органы Бағалы қағаздар жөніндегі халықаралық комиссияның кеңес беру, ынтымақтастық және ақпарат алмасу жөніндегі өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумына қол қойған;

      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-" төмен емес рейтинг бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің осындай деңгейдегі рейтинг бағасы бар елде тіркелген заңды тұлға.";

      41 және 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық басқаруға берілген активтерін есепке алу мен сақтауды қоспағанда, Инвестициялық портфельді басқарушының клиенттеріне тиесілі ақшаны есепке алу және сақтау Инвестициялық портфельді басқарушы өзімен үлестес емес, бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар банктерде ашқан банк шоттарында немесе осыған ұқсас шетелдік қадағалау органы берген лицензиясы бар шетелдік есеп айырысу ұйымында жүзеге асырылады.

      42. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру ұйымдарының, сондай-ақ инвестициялық қорлардың активтері мен арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельді құрайтын активтерді қоспағанда, клиенттердің шетелдік қаржы құралдарын есепке алуды және сақтауды шетелдік есеп айырысу ұйымы жүзеге асыра алады.".

      7. "Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жеке шоттарда мынадай бөлімдер ашылады:

      1) "негізгі" - мәмілелер жүргізуге шектеулер белгіленбеген бағалы қағаздарды есепке алуға арналған (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығы);

      2) "оқшаулау" - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай шешімді қабылдауға уәкілетті мемлекеттік органның шешімі негізінде бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығының) сақталуына кепілдік беру мақсатында жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығымен) азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге уақытша тыйым салынған бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығы) есепке алуға арналған;

      3) "репо" - Орталық контрагенттің қызметін пайдаланусыз және автоматты тәсілмен жасалған "репо" операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздарды есепке алуға арналған;

      4) "ауыртпалық салу" - азаматтық-құқықтық мәміле негізінде туындаған бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығы) ұстаушының басқа тұлғалар алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін мәмілелерді жүзеге асыруға шектеулер қойылған бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығы) есепке алуға арналған;

      5) "клирингтік ұйым (орталық контрагент) бөлімі" – клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік қорына жарналар, маржа жарналары, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда тәсілімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауды толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын қаржы құралдарын есепке алуға арналған, осы бөлім бойынша операциялар клирингтік қатысушының жасасқан мәмілелер бойынша барлық өз міндеттемелерін орындаған және (немесе) дефолтты реттеу бойынша процедуралар өткеннен кейін клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) тиісті өкімі болған кезде ғана жасалады.

      Номиналды ұстаушы жеке шотта бағалы қағаздарды есепке алу үшін қосымша бөлімдер аша алады.";

      33-1 және 33-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-1. Номиналды ұстаушы (номиналды ұстаушылар) бөлу немесе қосылу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда мұндай қайта ұйымдастыру нәтижесінде пайда болған және қайта ұйымдастырылған номиналды ұстаушының (қайта ұйымдастырылған номиналды ұстаушылардың) лицензиясын "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 1 және 5-тармақтарында белгіленген тәртіппен қайта ресімдеген заңды тұлға уәкілетті органнан қайта ресімделген лицензияны алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17920 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысымен бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі - № 307 қағидалар) 37-тармағында көрсетілген операцияларды жасауға бұйрықты орталық депозитарийге беруді жүзеге асырады.

      33-2. Номиналды ұстаушылар біріктіру нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда біріктіру жүргізілген номиналды ұстаушы Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес тараптар беру актісіне қол қойған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде № 307 қағидалардың 37-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген операцияларды жасау жөніндегі бұйрықты орталық депозитарийге беруді жүзеге асырады.";

      34-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұйымдасқан нарықта "автоматты" тәсілмен жүзеге асырылатын "репо" операциялары номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушысының лицензиясы тоқтатыла тұрған жағдайда сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларына сәйкес жабылады.";

      38-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) мәміле мәні болып табылатын бір бағалы қағаздың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығының) бағасы немесе мәміле сомасы туралы мәліметтер;";

      39-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Номиналды ұстаушының клиенті электрондық қызмет алуға өтініш жасаған жағдайда электрондық құжат нысанындағы немесе клиентті серпінді сәйкестендіру арқылы куәландырған өзге электрондық-цифрлық нысандағы, сондай-ақ SWІFT, Bloomberg, Reuters жүйелерін пайдалану арқылы бұйрықтарды беруге рұқсат етіледі. Бұйрықтарды берудің тәртібі мен талаптары, сондай-ақ олардың форматтары номиналды ұстаушының ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Номиналды ұстаушы ұйымдаспаған нарықта "репо" операциясын мәмілені тіркеу жөніндегі қарсы бұйрықтар негізінде жүргізеді.

      "Репо" операциясы мыналарға бөлінеді:

      "репоны" ашу - "репо" операциясы қатысушыларының бірінен екіншісіне осы мәміле сомасында ақшаны аударуды және "репо" операциясының екінші қатысушының бағалы қағаздардың белгілі бір санын біріншісіне беруді жорамалдайтын бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілесі;

      "репоны" жабу - "репоны" ашу жағдайындағы сияқты "репо" операциясының екінші қатысушысынан біріншісіне осы мәміле сомасында ақшаны аударуды және "репоны" ашу мәмілесіндегі сияқты сол шығарылған бағалы қағаздар санын "репо" операциясының бірінші қатысушысының екіншісіне қайтаруды жорамалдайтын бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілесі.

      Бір номиналды ұстаушының клиенттері арасында "репоны" ашуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының жеке шотындағы "негізгі" бөлімнен сатып алушының жеке шотындағы "негізгі" бөлімге аударылады. Бір номиналды ұстаушының клиенттері арасында "репоны" жабуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының жеке шотындағы "негізгі" бөлімнен сатып алушының жеке шотындағы "негізгі" бөлімге аударылады.";

      мынадай мазмұндағы 44-1, 44-2, 44-3, 44-4, 44-5 және 44-6-тармақтармен толықтырылсын:

      "44-1. Клиент бұйрығы немесе биржа куәлігі репо операцияларын өткізуге негіз болады.

      44-2. "Репо" операциялары жасалу әдісі бойынша мынадай түрде топтастырылады:

      1) ұйымдаспаған нарықта жасалатын "репо" операциялары;

      2) ұйымдасқан нарықта тікелей әдіспен жасалатын "репо" операциялары;

      3) ұйымдасқан нарықта орталық контрагенттің қызметін пайдаланусыз автоматты тәсілмен жасалатын "репо" операциялары;

      4) ұйымдасқан нарықта орталық контрагенттің қызметін пайдаланумен автоматты тәсілмен жасалатын "репо" операциялары.

      44-3. Бағалы қағаздар 44-2-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген әдіспен жасалған "репоны" ашу кезінде:

      1) сатушының жеке шотының "клирингтік ұйым (орталық контрагент) бөлімі" бөлімінің есебінен шығарылады;

      2) сатып алушының жеке шотының "репо" бөлімінің есебіне алынады.

      44-4. Бағалы қағаздар 44-2-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген әдіспен жасалған "репоны" жабу кезінде:

      1) сатып алушының жеке шотының "репо" бөлімінің есебінен шығарылады;

      2) сатушының жеке шотының "клирингтік ұйым (орталық контрагент) бөлімі" бөлімінің есебіне алынады.

      44-5. Бағалы қағаздар 44-2-тармақтың 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген әдістермен жасалған "репоны" ашу кезінде:

      1) сатушының жеке шотының "клирингтік ұйым (орталық контрагент) бөлімі" бөлімінің есебінен шығарылады;

      2) сатып алушының жеке шотының "клирингтік ұйым (орталық контрагент) бөлімі" бөлімінің есебіне алынады.

      44-6. Бағалы қағаздар 44-2-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген әдіспен жасалған "репоны" ашу кезінде:

      1) сатушының жеке шотының "негізгі" бөлімінің есебінен шығарылады;

      2) сатып алушының жеке шотының "негізгі" бөлімінің есебіне алынады.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Жеке шоттың үзінді көшірмесі Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) жеке шоттың нөмірі;

      2) бағалы қағаздарды ұстаушы заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні (жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері);

      4) эмитенттің атауы және оның орналасқан орны не инвестициялық пай қорының, сондай-ақ осы қордың басқарушы компаниясының атауы және оның орналасқан орны;

      5) бағалы қағаздардың түрлері және сәйкестендіру нөмірлері немесе қаржы құралдарының өзге сәйкестендіргіштері;

      6) облигацияларды (исламдық бағалы қағаздарды) өтеу күні;

      7) ауыртпалығы бар және (немесе) оқшауланған және (немесе) "репо" бөлімінде ескерілген, үзінді көшірмені жасаған күнгі және уақыттағы жағдай бойынша жеке шотта тіркелген бағалы қағаздардың санын көрсете отырып, белгілі бір түрінің жалпы саны (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары туралы мәліметтер);

      8) номиналды ұстаушының атауы, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірі, оның заңды мекенжайы, телефон нөмірі, факс нөмірі;

      9) жеке шоттан үзінді көшірме алынған кездегі жағдай бойынша уақыты мен күні;

      10) номиналды ұстаушының ішкі құжатында көзделген өзге де мәліметтер.

      Орталық депозитарий ұсынатын жеке шоттан алынатын үзінді көшірме орталық депозитарийдің ішкі құжатында белгіленген нысан бойынша жасалады.

      Жеке шоттан алынатын үзінді көшірмеге номиналды ұстаушының ішкі құжатына сәйкес ақпараттық операцияларды жүзеге асыратын номиналды ұстаушының құрылымдық бөлімшесінің басшысы не оның орнындағы адам қол қояды.

      Электрондық құжат нысанында немесе номиналды ұстаушының ішкі құжаттарына сәйкес SWІFT пішінінде жеке шоттан үзінді көшірме жасауға және ұсынуға жол беріледі.

      Номиналды ұстаушы клиент портфелінде қаржы құралдары болмаған жағдайда клиентпен келісу бойынша есепті кезең соңында үзінді көшірмені ұсынбайды.".

      8. "Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 254 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17822 болып тіркелген, 2018 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды (төлемдерді) (клирингтік ұйымда аударым операциясына лицензия болған кезде) ұйымдастыру;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру қызметін клиринг қызметімен немесе депозитарлық қызметті клиринг қызметімен қоса атқаратын клирингтік ұйым:

      1) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі шеңберіндегі функцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдық құрылымында жекелеген бөлімшенің (бөлімшелердің);

      2) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыратын бөлімшеде (бөлімшелерде) жеке үй-жайларының, сондай-ақ қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыруға арналған ақпаратты жинау, тіркеу және есепке алу жүйелерінің болуын қамтамасыз етеді.

      Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыратын бөлімшеге (бөлімшелерге) және осы бөлімшенің (осы бөлімшелердің) қызметкерлеріне қор биржасының немесе орталық депозитарийдің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыратын бөлімшелерінің функциялары, сондай-ақ осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген функция жүктелмейді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Клирингтік ұйым клирингтік қатысушылардың сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде және (немесе) тауар биржасында жасасқан мәмілелері бойынша клирингті жүзеге асыру мақсатында осындай мәмілелер өлшемінің дәйекті есебін қамтамасыз етеді.";

      23-тармақ алып тасталсын;

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Клиринг қызметі жүзеге асырылатын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асырудың тәртібі мен талаптары клирингтік ұйымның қағидаларында анықталады.

      Клирингтік ұйым туынды қаржы құралдарымен және (немесе) валютамен мәмілелер бойынша есеп айырысуды (төлемдерді) ұйымдастыру үшін клирингтік ұйымның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес қаржы құралдарын есепке алу үшін шоттар ашады.

      Клирингтік ұйым қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша дефолтты реттеу кезінде әрекет жасау мақсатында есеп айырысу ұйымдарында, оның ішінде орталық депозитарийде осы қаржы құралдарын есепке алу үшін шоттар ашады.".

      9. "Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17920 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Орталық депозитарий номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде мынадай заңды тұлғаларға жеке шоттар ашады:

      1) уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясына ие;

      2) уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясына ие;

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

      4) уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясына ие;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиясыз дилерлік қызметті жүзеге асыратын;

      6) шетелдік депозитарийлер мен кастодиандар;

      7) шетелдік есеп айырысу ұйымдары;

      8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор;

      9) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйым;

      10) клирингтік ұйымдары.

      Орталық депозитарийдің номиналдық ұстауды есепке алу жүйесінде жоғарыда көрсетілген заңды тұлғаларға номиналдық ұстаушының бір жеке шоты ғана ашылады.

      Номиналдық ұстаушының жеке шотын ашу орталық депозитарий "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) көзделген клиентті тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қабылдағаннан кейін жүргізіледі.

      17. Қағидалардың 16-тармағының 4), 5) және 10) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның жеке шотында осы заңды тұлғаға тиесілі қаржы құралдарын есеп алуға арналған бір қосалқы шот қана ашылады.".

  Қазақстан Республикасының
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін бағалы қағаздар
нарығын реттеу мәселелері
бойынша нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
қосымша
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 60 қаулысына
2-қосымша

Акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесі

      1. Басқарушы компания инвестициялық басқаруындағы әрбір жеке ашық не аралық инвестициялық пай қорының активтерін инвестициялайтын қаржы құралдарының тізбесі және оларға қойылатын талаптар:

Қаржы құралының атауы

1.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланған), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен шығарылған бағалы қағаздар

2.

Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған және (немесе) шетел валютасында номинирленген және "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржасында жария саудаға салуға рұқсат етілген облигациялар

3.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы және оның еншілес ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

4.

Мына талаптардың біріне сәйкес келгенде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар:
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі "В-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzBВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктер;
банктер бейрезидент бас банкі Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі "А-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzB" төмен емес рейтингілік бағасы бар бейрезидент еншілес банктер болып табылады

5.

Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzBВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар эмитенттердің акциялары және (немесе) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторларының талаптарына сәйкес келетін эмитенттердің акциялары және (немесе) шетел валютасында номинирленген және "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржасында жария саудаға салуға рұқсат етілген эмитенттердің акциялары;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша рейтингі "В-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzBВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар немесе қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторларының талаптарына сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздар және (немесе) шетел валютасында номинирленген және "Астана" Халықаралық қаржы орталығының аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржасында жария саудаға салуға рұқсат етілген борыштық бағалы қағаздар;
қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары және (немесе) шетел валютасында номинирленген және "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржасында жария саудаға салуға рұқсат етілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары;
басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық инвестициялық пай қорларының (басқарушы компаниясы активтері есебінен осы пайлар сатып алынатын инвестициялық пай қорларының басқарушы компаниясы болып табылатын инвестициялық пай қорларын қоспағанда), қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және (немесе) шетел валютасында номинирленген және "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржасында жария саудаға салуға рұқсат етілген пайлары;
осы эмитенттің бұрын шығарылған бағалы қағаздарына не өзге міндеттемелеріне айырбастау мақсатында эмитент міндеттемелерін қайта құрылымдау шеңберінде шығарылған бағалы қағаздар

6.

Standard & Poor's prіncіpal stabіlіty fund ratіngs "BBm-" төмен емес не Standard & Poor's Fund credіt qualіty ratіngs "BBf-" төмен емес халықаралық рейтингілік бағасы бар инвестициялық қорлардың пайлары

7.

Базалық активі осы тармақтың 5, 12, 13-жолдарында көрсетілген акциялар болып табылатын не базалық активі Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша рейтингісі "В-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы бар эмитенттердің бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттар

8.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

9.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетел валютасы

10.

Лондон қымбат металдар нарығының қауымдастығы (London bullіon market assocіatіon) қабылдаған халықаралық сапа стандартына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында Лондондық сапалы жеткізілім (London good delіvery) стандарты ретінде белгіленген тазартылған қымбат металдар мен он екі айдан аспайтын мерзімі бар металл депозиттері, оның ішінде Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-" төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктеріндегі металл депозиттер

11.

Мынадай халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар:
Азия даму банкі;
Африка даму банкі;
Халықаралық есеп айырысу банкі;
Еуразиялық даму банкі;
Еуропа инвестициялық банкі;
Еуропа Қайта құру және даму банкі;
Ислам даму банкі;
Америкааралық даму банкі;
Халықаралық Қайта құру және даму банкі;
Халықаралық қаржы корпорациясы

12.

Шетел ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасымен танылатын шетел аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалықағаздар;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел ұйымдары шығарған акциялар және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасымен танылатын шетел аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген акциялар

13.

Қазақстан Республикасының резиденттері "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 22-1-бабының 3-тармағына сәйкес танитын шетел ұйымы шығарған, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасымен танылатын шетел аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар

14.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар ұйымдар шығарған Prіncіpal protected notes, ол мына талаптардың біріне сәйкес келеді:
айналыс мерзімі бес жылдан аспайды;
prіncіpal protected notes шығарылым талаптарымен қандай да бір мемлекеттің, эмитенттің өз міндеттемелері бойынша дефолт жағдайы көзделмеген

15.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар бейрезидент банктердегі салымдары

16.

Базалық активі ашық және аралық инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдары, шетел валютасы, сондай-ақ мынадай есепті көрсеткіштер (индекстер) болып табылатын, хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары (фьючерстер, опциондар, своптар, форвардтар):
AІX (Astana Іnternatіonal Exchange)
САС 40 (Compagnіe des Agents de Change 40 Іndex)
DAX (Deutscher Aktіenіndex)
DJІA (Dow Jones Іndustrіal Average)
EURO STOXX 50 (EURO STOXX 50 Prіce Іndex)
FTSE 100 (Fіnancіal Tіmes Stock Exchange 100 Іndex)
HSІ (Hang Seng Іndex)
KASE (Kazakhstan Stock Exchange Іndex)
MSCІ World Іndex (Morgan Stanley Capіtal Іnternatіonal World Іndex);
MOEX Russіa (Moscow Exchange Russіa Іndex)
NІKKEІ 225 (Nіkkeі-225 Stock Average Іndex )
RTSІ (Russіan Trade System Іndex)
S&P 500 (Standard and Poor's 500 Іndex)
TOPІX 100 (Tokyo Stock Prіce 100 Іndex)
NASDAQ-100 (Nasdaq-100 Іndex)

17.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысу үлесі

18.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ" төмен емес тәуелсіз рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі тәуелсіз рейтингілік бағасы бар шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында саудаланатын Exchange Traded Fund пайлары

      2. Басқарушы компания инвестициялайтын қаржы құралдарының тізбесі, жылжымайтын мүлік әрбір жеке қорының инвестициялық басқарудағы активтері және оларға қойылатын талаптар:

Қаржы құралының атауы

1.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес эмиссияланған), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен шығарылған бағалы қағаздар

2.

Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған облигациялар

3.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы және оның еншілес ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

4.

Мына талаптардың біріне сәйкес келгенде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар: Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі "В-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzBВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктер; банктер бейрезидент бас банкі Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі "А-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы бар бейрезидент еншілес банктер болып табылады

5.

Мәміле жасау күніне олардың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде болған жағдайдағы акциялар

6.

Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzА-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар

7.

Шетел ұйымдары шығарған Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "АА-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар

8.

Шетел ұйымдары шығарған Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "АА-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар акциялар

9.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар мынадай халықаралық қаржы ұйымдары:
Азия даму банкі;
Америкааралық даму банкі;
Африка даму банкі;
Еуропа Даму банкі;
Еуропа инвестициялық банкі;
Еуропа Қайта құру және даму банкі;
Ислам даму банкі;
Халықаралық есеп айырысу банкі;
Халықаралық Қайта құру және даму банкі;
Халықаралық қаржы корпорациясы

10.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен емес тәуелсіз рейтинг немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

11.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел валютасы

12.

Лондон қымбат металдар нарығының қауымдастығы (London bullіon market assocіatіon) қабылдаған халықаралық сапа стандартына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында Лондондық сапалы жеткізілім (London good delіvery) стандарты ретінде белгіленген тазартылған қымбат металдар мен он екі айдан аспайтын мерзімі бар металл депозиттері, оның ішінде Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-" төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктеріндегі металл депозиттер

13.

Хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары осы Тізбеге сәйкес базалық активі жылжымайтын мүлік қоры активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары болып табылады.

14.

Жылжымайтын мүлік қорына кіретін мүлікке қызмет көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғаға қатысу үлесі



Дата вступления в силу:  11.10.2019
Дата изменения акта:  23.11.2022
Дата принятия акта:  07.10.2019
Информация об официальном опубликовании акта:  ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 15.10.2019 ж.; "Егемен Қазақстан" 31.10.2019 ж. № 211 (29690); "Казахстанская правда" от 31.10.2019 г. № 211 (29088)
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  117000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  135257
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  165
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  006010000000 / 001008000000
Форма акта:  ДОП / ИЗМ / ПОСТ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz