"Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 144 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 наурызда № 18427 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13550 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын ақпаратпен толықтыру";

      1-тарауда:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Құрылымдарды, ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салуға (жобалау-іздестіру жұмыстары), кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға, реконструкциялауға, қайта қалпына келтіруге және күрделі жөндеуге, сондай-ақ аумақты инженерлік даярлау, құрылыстарды (объектілерді) абаттандыру және көгалдандыру, консервациялау, қалалық маңызы бар объектілерді, барлық қосымшаларын қоса алғанда (жер учаскесін таңдау акті, бас жоспардан көшірме, ахуалдық схемасы және басқалар)), кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге арналған рұқсат беру құжаттамасы

17 230

  ";

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Инженерлік коммуникациялардың атқарушылық геодезиялық схемасы

6 463

  ";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан мәліметтер беру";

      2-тарауда:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Құрылымдарды, ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салуға (жобалау-іздестіру жұмыстары), кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға, реконструкциялауға, қайта қалпына келтіруге және күрделі жөндеуге, сондай-ақ аумақты инженерлік даярлау, құрылыстарды (объектілерді) абаттандыру және көгалдандыру, консервациялау, қалалық маңызы бар объектілерді, барлық қосымшаларын қоса алғанда (жер учаскесін таңдау акті, бас жоспардан көшірме, ахуалдық схемасы және басқалар), кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге арналған рұқсат беру құжаттамасы

1 723

  ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Атқарушылық техникалық құжаттама

646

  ";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Графикалық материалдарды интеграциялау және цифрлық жоспарлық негіз құру. Бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, құрылыс салу жобаларына және олардың регламенттеріне арналған мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараты";

      3-тарауда:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

1:500

0,25

1 424

1 215,8

2 675

3 343

5 346

  ";

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

1:2000

0,25

810,6

1 215,8

1 621,1

3 987

4 458,0

  ";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Инженерлік коммуникацияларды түгендеу";

      4-тарауда;

      реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Масштабы 1:500 жоспар жасай отырып, құрылыс салынған аумақтарда жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу

26 752

40 102

66 832

2

Масштабы 1:500 жоспар жасай отырып, құрылыс салынбаған аумақтарда жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу

8 105,5

12 158,3

16 211,1

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі