"Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 19

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2019 жылғы 18 ақпандағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 ақпанда № 18335 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 қазандағы № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14374 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі комиссиясы туралы ережесінде:

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Комиссияның жеке құрамы Агенттіктің төрағасымен бір жыл мерзімге анықталады. Комиссия құрамын Комиссия төрағасы мен мүшелері құрайды.";

      мынадай мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Әдеп жөніндегі комиссия төрағасының ұсынуы бойынша Комиссияның мүшесі мынадай:

      1) уақытша еңбекке жарамсыздығы жағдайында болған, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді атқару үшін жұмыстан босатылған, демалыста, іссапарда болған уақытты қоспағанда, Комиссияның отырыстарына қатарынан үш реттен артық келмеген;

      2) депутаттың, мемлекеттік орган, қоғамдық бірлестіктің, бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің өкілеттігі тоқтатылған;

      3) заңнамада көзделген тәртіппен расталған құқыққа қайшы кінәлі түрде әрекет немесе әрекетсіздік жасаған;

      4) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді қарау кезінде объективті болмаған және жеке мүдделілік танытқан;

      5) Комиссияның құрамынан шығу туралы ниет білдірген жағдайда, оның құрамынан шығарылуы мүмкін.".

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары О. А. Бектеновке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға А. Шпекбаев