Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 14-6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 сәуірде № 5138 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының аппарат басшысы (А.Хайруллин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е.Таңатов
      Мәслихат хатшысы Е.Таңатов

  2018 жылғы 30 наурыздағы
№ 14-6 Бөкей ордасы аудандық
мәслихатының шешіміне
қосымша

Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кейбір күші жойылған
шешімдерінің тізбесі

      1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 7-1 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4653 тіркелген, 2017 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қаңтардағы № 8-1 "Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 7-1 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4676 тіркелген, 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      3. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 наурыздағы № 9-1 "Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 7-1 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4732 тіркелген, 2017 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      4. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 маусымдағы № 10-1 "Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 7-1 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4839 тіркелген, 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      5. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 қазандағы № 12-1 "Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 7-1 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4922 тіркелген, 2017 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      6. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 13-1 "Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 7-1 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5000 тіркелген, 2017 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      7. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 наурыздағы № 9-2 "2017 жылы Бөкей ордасы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4715 тіркелген, 2017 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      8. Бөкей ордасы аудандық маслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 27-3 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4228 тіркелген, 2016 жылғы 28 қаңтарда "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған).