"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VI Бородулиха аудандық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 26-7-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 12 қазанда № 5-8-171 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 13-13-VIII шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 25.12.2023 № 13-13-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5129 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 1 тамызда, "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде 2017 жылғы 4 тамызда жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      26-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) алушы Бородулиха ауданынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткенде;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов