"Жер салғының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 37/3-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 ақпандағы № 26/7-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 7 наурызда № 5519 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 қарашадағы № 37/4-VІ шешімімен

      Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 27.11.2018 № 37/4-VІ шешімімен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жер салғының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 37/3-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3920 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 14 мамырдағы "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Өскемен қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2008 жылғы 12 маусымдағы № 7/2 шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Р. Ахметжанов
      Қалалық мәслихаттың хатшысы А. Светаш