Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 6/86-IV "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 21/246-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 9 сәуірде № 4507 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 49/516-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 29.05.2020 № 49/516-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 6/86-ІV "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1983-нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде рецепт бойынша облыстық бюджет қаржысы есебінен тегін қосымша берілетін дәрілік заттар тізілімі мынадай жолдармен толықтырылсын:


Ацетилцистеин

Барлық санаттар

Колистиметат

Комплекс аминокислот

Антиингибиторный коагулянтный комплекс

Третиноин

Агалзидаза бета 35 мг (Фабразим)

Лозап 50 мг

Адемпас 2,5 мг (Риоцигуат)

Вентавис 2 мл (Илопрост)

Купренил

Вазапрастан

Руксолитиниб


      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Д.Абіш
      Облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев