Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы № 224/21 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 наурызда № 5922 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) Павлодар облыстық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы "Павлодар облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3319 болып тіркелген, 2013 жылы 17 қаңтарда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған) № 121/11 шешімі;

      2) Павлодар облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы "Облыстық мәслихаттың (V сайланған XІ сессиясы) 2012 жылғы 6 желтоқсандағы "Павлодар облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы" № 121/11 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4881 болып тіркелген, 2016 жылы 14 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылы 15 қаңтарда "Регион.kz" газетінде жарияланған) № 406/46 шешімі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Стрелковская
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Бексейітова