Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы 26 сессиясының № 242 "Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне тол

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 295 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 желтоқсанда № 5053 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы 26 сессиясының № 242 "Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2614 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы "Нұра" № 18 (5355) газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 05 мамырда жарияланған), келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6 тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні;";

      9 тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) 90 жасқа келген және асқан тұлғалар.".

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Оспанов