Ақсу ауданы әкімінің шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 3 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 30 шілдеде № 4772 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27- бабына сәйкес, Ақсу ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу ауданы әкімінің "Ақсу ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3677 тіркелген, 2016 жылдың 15 ақпанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Кусмолдин Серик Адильбековичке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Далбагаев