Шортанды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 шілдедегі № С-17/3 "Шортанды ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 қаңтардағы № С-24/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 ақпанда № 6377 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңдарына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шортанды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 шілдедегі № С-17/3 "Шортанды ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6048 тіркелген, 2017 жылғы 19 тамызда аудандық "Вести" және "Өрлеу" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
сессия төрайымы
А.Фурта
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Д.Отаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Шортанды ауданының
әкімі
Г.Сәдуақасова

      26.01.2018 ж.

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Шортанды ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы"
Республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысы
С.Әлмағанбетов

      26.01.2018 ж.