БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 мамырда № 136-137"Казахстанская правда" газетте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және құқықтық кадастрданақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) ұсыну тәртібін айқындайды."
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар саны туралы мәліметтер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының интернет-ресурсында тоқсан сайын жариялауға жатады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) құқықтық кадастрдан мәліметтер - құқықтық кадастрда қамтылған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілері туралы ақпарат және тіркеуші орган ұсынатын тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелері;
3) тіркеуші орган – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Ақпаратты ұсынутәртібі";
13-тармақ алынып тасталсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Электрондық түрде ақпарат беру Мемлекеттік корпорацияның немесе өтініш иесінің электрондық қолтаңбасы бар болған жағдайда "электрондық үкімет" портал арқылы "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" Мемлекеттік деректер қоры" (бұдан әрі - "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ) ақпараттық жүйесін пайдаланып беріленді.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Мемлекеттік корпорацияқұқық иесінің немесе уәкілетті өкілінің, адвокаттың, уақытша, банкроттық және оңалту басқарушыларының, тарату комиссиясының (таратушы), кондоминиум объектісі қатысушысының сауалының негізінде "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ-дан ақпаратты сауал келіп түскен кезден бастап 20 минут ішінде электрондық түрде ұсынады. Осы қағиданың 10-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды алғанға дейін, өтініш беруші осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалды толтырады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Құқықтық кадастрдан электрондық түрде ақпарат алуға сауал жәнеөтініш берушінің оған қоса берілген құжаттары Мемлекеттік корпорацияның электрондық мұрағатында сауал берілген күннен бастап екі жыл бойы сақталады.";
19-тармақ алынып тасталсын;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ-нан "электрондық үкімет" портал арқылы ақпарат ұсыну кезінде, электрондық құжат жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Тіркеуші орган ақпараттарды ұсынудан бас тарту туралы жазбаша негізді хабарламаны мынадай жағдайларда жолдайды:
1) қызмет алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйекті еместігі анықталған жағдайда;
2) қызмет алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде.";
1, 2, 3, 4, және 5-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес жана редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттiк тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегіресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтықактілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң жетекшiлiк ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы |
Н. Пан |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрі
___________________ Д. Абаев
"__"_________ 2018 жыл