"Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 7-НҚ нор

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 4-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 ақпанда № 16312 болып тіркелді

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 7-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 12459 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларында:

      8-тармақтың 5-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін немесе кредиттерді беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламалары), бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есептер;";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Бірыңғай дерекқорды қалыптастыру үшін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының ақпараттық жүйелері арасындағы ақпарат алмасу Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығы берген ақпараттық жүйені иеленушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, электрондық хабарламалар арқылы жүзеге асырылады.

      Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелері Есеп комитетінің ИАЖ-мен интеграцияланғанға дейін ақпарат ұсыну электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі, ал ол болмаған жағдайда – пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады.";

      14-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тексерудің нәтижелері бойынша екі жұмыс күні ішінде:

      ақпарат осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, Бірыңғай дерекқорға тиісті мәліметтерді енгізеді;

      ақпарат толық емес немесе тиісінше ресімделмеген не осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, ақпарат жеткізушінің электрондық мекенжайына Бірыңғай дерекқорға енгізуден уәжделген бас тарту жібереді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Бірыңғай дерекқордың пайдаланушылары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары болып табылады.".

      2. Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына (Қ.С. Әбдірайымов) жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
      атқарылуын бақылау жөніндегі
      есеп комитетінің Төрағасы Н. Әбдібеков