1. Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің Битілеу ауылының аумағында ұсақ мал арасында жұқпалы эпидидимит ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 3 шілдедегі "Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің Битілеу ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 12 шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3945 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдеде "Жайық таңы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық құқықтық банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Ақжол ауылдық округінің әкімі | Т. Утемисов |