"Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн әлеуметтік көмек беру туралы" Като

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 15/137-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 8 қаңтарда № 5390 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 қазандағы № 21/188-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 19.10.2018 № 21/188-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн әлеуметтік көмек беру туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 35/284-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4362 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 26 ақпандағы "Арай" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек 21600 (жиырма бір мың алты жүз) теңге көлемінде берілсін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Смағұлова
      Аудандық мәслихат хатшысы Д. Бралинов