"Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн әлеуметтік көмек беру туралы" Като

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 маусымдағы № 12/104-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 шілдеде № 5123 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 қазандағы № 21/188-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 19.10.2018 № 21/188-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, 18-бабы 5-тармағына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн әлеуметтік көмек беру туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы №35/284-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4362 нөмірмен тіркелген, 2016 жылғы 26 ақпандағы № 9 "Арай" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

       1-тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек 18000 (он сегіз мың) теңге көлемінде берілсін.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Шаухин
      Аудандық мәслихат хатшысы Д. Бралинов