Жарма ауданының Суықбұлақ кентінің Новотаубинка ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық Суыкбұлақ кенті әкімінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 маусымда № 5105 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық Суықбұлақ кенті әкімінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық Суықбұлақ кенті әкімінің 28.04.2018 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветиринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 25 сәуірдегі №158 ұсынысы негізінде Суықбұлақ кентінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі қара малдардың арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Жарма ауданының Суықбұлақ кентінің Новотаубинка ауылына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      3. Шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Суықбұлақ кентінің әкімі А. Юсупов