"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғ

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 260 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 қазанда № 5259 болып тіркелді

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексiнiң 18-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 118 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4550, 2016 жылғы 1 маусымдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 27 маусымдағы № 68 (17308) "Дидар", 2016 жылғы 9 маусымдағы № 68 (19820) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

       2-қосымшаның 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Негізгі персонал: барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, медициналық мейіргер, фармацевт, диеталық мейіргер, барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, дефектолог, логопед, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының (ұйымдардың) әдіскері, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік қызмет жөніндегі консультант, иппотерапия жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, мәдени ұйымдастырушы, шаштаразшы, емдік денешынықтыру жөніндегі маман, жүзу жөніндегі нұсқаушы, музыкалық жетекші, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Шығыс Қазақстан облыстық
      мәслихатының хатшысы
      _____________В. Головатюк

      2017 жылғы "6" қазан