"Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 343 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № 70 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 сәуірде № 4943 болып тіркелді

       РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 343 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4347 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 12 ақпандағы № 16 (17256) "Дидар", 2016 жылғы 11 ақпандағы № 16 (19768) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов