Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 205 "Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 9 қазандағы № 277 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 26 қазанда № 4243 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 30 маусымдағы № 142 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.06.2020 № 142 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 205 "Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3281 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы";

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті бекітілсін.";

      көрсетілген қаулының "Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті" деген қосымшасында:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті";

      1-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бөлім. Жалпы ережелер";

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық, өңірлік, қалалық, аудандық мемлекеттік архивтер және олардың филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – әлеуметтік-құқықтық сипаттағы келесі мәліметтерді: жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін, жасын, отбасының құрамын, білімін, марапатталғанын, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдердің аударылуын, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуін, жазатайым оқиғаны, емделуде немесе қоныс аударуда болуын, қуғын-сүргінге ұшырағанын, жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау, экологиялық апат аймақтарында тұрғанын, бас бостандығынан айыру жерлерінде болғанын, азаматтық хал актілері, құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары жөніндегі мәліметтерді растау туралы архивтік анықтама немесе олардың болмауы туралы жауап, немесе архивтік құжаттардан куәландырылған архивтік көшірмелер мен үзінділер.";

      2-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Көрсетілетін қызметті берушіге өтініш беру барысында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс-қимылды бастауға негіздеме, көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №138 бұйрығымен бекітілген "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттар (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) мен өтінішті қабылдауы болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2 тармақтармен толықтырылсын:

      "5-1. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5-2. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда бас тартады.";

      3-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау";

      4-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бөлім. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";

      10-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті алушы Порталда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе бір реттік паролі арқылы тіркелуін (қуаттауын) іске асырады;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ немесе бір реттік паролі арқылы электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін электронды сауалды куәландырады;";

      көрсетілген регламентке 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентіне 1-қосымша";

      көрсетілген регламентке 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентіне 2-қосымша".

      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуін;

      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековке жүктелсін.

      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Д.А.Сатыбалды
      Б.С.Жамалов
      А.С.Сәбитов
      Ә.Е.Тұрғымбеков
      Е.Ә.Садыр
      Ж.Қ.Бөкенбаев
      Ұ.Сәдібеков