Мақат аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 мамырдағы № 114-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 маусымда № 3878 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Мақат аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Мақат аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (А. Әміров).

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
      ХІV сессиясының төрағасы А. Сүлейменов
      Аудандық мәслихат
      Хатшысы Қ. Исмагулов

  Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 29 мамырдағы № 114-VI шешіміне қосымша

Мақат аудандық мәслихатының күші жойылған шешімдерінің тізбесі:

      1) Мақат аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы №343-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №3434 болып тіркелген, аудандық 2016 жылғы 11 ақпанда аудандық "Мақат тынысы" газетінде жарияланған) шешімі;

      2) Мақат аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы №46-VI "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы №343-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыруларенгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №3608 болып тіркелген, аудандық 2016 жылғы 20 қазанда аудандық "Мақат тынысы" газетінде жарияланған) шешімі;

      3) Мақат аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №81-VI "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы №343-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №3729 болып тіркелген, аудандық 2017 жылғы 12 қаңтарда аудандық "Мақат тынысы" газетінде жарияланған) шешімі.