Мақат аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 наурыздағы № 96-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 сәуірде № 3833 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 2 бабына және "Кұқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Мақат аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Мақат аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (А. Әміров).
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың кезектен
      Тыс ХІ сессиясының төрағасы Б. Аманғалиев
      Мәслихат хатшысы Қ. Исмагулов

  Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 29 наурыздағы № 96-VI шешіміне қосымша

Мақат аудандық мәслихатының күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 340-V "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3441 тіркелген, 2016 жылғы 11 ақпанда "Мақат тынысы" газетінде жарияланған) шешімі.
      2. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 23-VI "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 340-V "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3497 тіркелген, 2016 жылғы 26 мамырда "Мақат тынысы" газетінде жарияланған) шешімі.
      3. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 шілдедегі № 32-VI "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 340-V "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3563 тіркелген, 2016 жылғы 21 шілдеде "Мақат тынысы" газетінде жарияланған) шешімі.
      4. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 4 қарашадағы № 58-VI "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 340-V "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3676 тіркелген, 2016 жылғы 8 желтоқсанда "Мақат тынысы" газетінде жарияланған) шешімі.
      5. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 79-VI "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 340-V "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3717 тіркелген, 2016 жылғы 22 желтоқсанда "Мақат тынысы" газетінде жарияланған) шешімі.