Индер аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Атырау облысы Индер ауданы мәслихатының 2017 жылғы 10 ақпандағы № 85-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 наурызда № 3792 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 2-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ       ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Индер аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Индер аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (Г. Қабиева).
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың кезекті
ІХ сессиясының төрағасы
Ш. Альмурзиев
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Сапаров

  Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 10 ақпандағы № 85-VI шешіміне қосымша

Индер аудандық мәслихатының күші жойылған шешімдерінің тізбесі:

      1) Индер аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 327-V "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3440 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қаңтарда "Дендер" газетінде жарияланған) шешімі;
      2) Индер аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 4-VІ "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 327-VI "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3494 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 мамырда "Дендер" газетінде жарияланған) шешімі;
      3) Индер аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 шілдедегі № 22-VІ "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 327-VI "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3564 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 шілдеде "Дендер" газетінде жарияланған) шешімі;
      4) Индер аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 қарашадағы № 49-VІ "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 327-VI "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3672 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 қарашада "Дендер" газетінде жарияланған) шешімі;
      5) Индер аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 72-VІ "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 327-VI "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3718 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 желтоқсанда "Дендер" газетінде жарияланған) шешімі.