Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 35 қаулысының 3 тармағының күші жойылды деп та

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 47 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 ақпанда № 4061 болып тіркелді

      "Құқықтық актілері туралы" 2016 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 50 бабы 2 тармағы, 46 бабы 2 тармағы 4 тармақшасына сәйкес, ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 35 қаулысының 3 тармағының (2015 жылғы 27 наурыздағы 14 (1468) "Есіл -таңы", 14 (468) "Ишим" газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 3148 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М.Әбішев