Успен аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 80/17 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 маусымда № 5542 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қосымшаға сәйкес Успен аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Смагулова
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Бечелова

  Успен аудандық мәслихатының
(VI сайланған XVII кезектен тыс
сессиясы) 2017 жылғы 14
маусымдағы № 80/17 шешіміне
қосымша

Успен аудандық мәслихатының күші
жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы "Успен ауданының 2015 - 2017 жылдарға арналған бюджеті туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4259 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қаңтарда № 2, 2015 жылғы 24 қаңтарда № 3, 2015 жылғы 31 қаңтарда № 4 "Аймақ ажары", 2015 жылғы 17 қаңтарда № 2, 2015 жылғы 24 қаңтарда № 3, 2015 жылғы 31 қаңтарда № 4 "Огни села" аудандық газеттерінде жарияланған) № 219/41 шешімі.

      2. Успен аудандық мәслихатының (V сайланған XLV кезектен тыс сессиясы) 2015 жылғы 8 мамырдағы "Успен аудандық мәслихатының (V сайланған XLI сессиясы) 2014 жылғы 24 желтоқсандағы "Успен ауданының 2015 - 2017 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 219/41 шешіміне өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4478 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 мамырда № 20 "Аймақ ажары", 2015 жылғы 23 мамырда № 20 "Огни села" аудандық газеттерінде жарияланған) № 250/45 шешімі.

      3. Успен аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 маусымдағы "Успен аудандық мәслихатының (V сайланған XLI сессиясы) 2014 жылғы 24 желтоқсандағы "Успен ауданының 2015 - 2017 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 219/41 шешіміне өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4544 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 шілдеде № 26 "Аймақ ажары", 2015 жылғы 4 шілдеде № 26 "Огни села" аудандық газеттерінде жарияланған) № 255/46 шешімі.

      4. Успен аудандық мәслихатының (V сайланған ХLIX кезектен тыс сессиясы) 2015 жылғы 2 қыркүйектегі "Успен аудандық мәслихатының (V сайланған XLI сессиясы) 2014 жылғы 24 желтоқсандағы "Успен ауданының 2015 - 2017 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 219/41 шешіміне өзгерту енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4694 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 қыркүйекте № 37 "Аймақ ажары", 2015 жылғы 19 қыркүйекте № 37 "Огни села" аудандық газеттерінде жарияланған) № 270/49 шешімі.

      5. Успен аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі "Успен аудандық мәслихатының (V сайланған ХLI сессиясы) 2014 жылғы 24 желтоқсандағы "Успен ауданының 2015 - 2017 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 219/41 шешіміне өзгертулер және толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4726 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 қазанда № 39 "Аймақ ажары", 2015 жылғы 3 қазанда № 39 "Огни села" аудандық газеттерінде жарияланған) № 272/50 шешімі.

      6. Успен аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 қарашадағы "Успен аудандық мәслихатының (V сайланған ХLI сессиясы) 2014 жылғы 24 желтоқсандағы "Успен ауданының 2015 - 2017 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 219/41 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4814 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 желтоқсанда № 48 "Аймақ ажары", 2015 жылғы 5 желтоқсанда № 48 "Огни села" аудандық газеттерінде жарияланған) № 274/51 шешімі.

      7. Успен аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы "Успен аудандық мәслихатының (V сайланған ХLI сессиясы) 2014 жылғы 24 желтоқсандағы "Успен ауданының 2015 - 2017 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 219/41 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4856 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 қаңтарда № 1, 2016 жылғы 16 қаңтарда № 2 "Аймақ ажары", 2016 жылғы 9 қаңтарда № 1, 2016 жылғы 16 қаңтарда № 2 "Огни села" аудандық газеттерінде жарияланған) № 288/52 шешімі.

      8. Успен аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы "2016 жылға арналған Успен ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4885 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қаңтарда № 3 "Аймақ ажары", 2016 жылғы 23 қаңтарда № 3 "Огни села" аудандық газеттерінде жарияланған) № 280/52 шешімі.