Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 3471 "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 1022 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 мамырда № 7019 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзi басқару туралы" 2001 жылгы 23 каңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органның улгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 3471"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6129 тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 22 қаңтарда жарияланды).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім Б. Жақыпов