Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.08.2019 № 373 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 526 "Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6090 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |