Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/435 "Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 4 тамыздағы № 11/147 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 қыркүйекте № 3423 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексінің 38-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-2 тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 209 "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы№ 19-1/252 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14195 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/435 "Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидалары туралы"(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2955 болып тіркелген, 2016 жылы 26 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Маңғыстау облыстық мәслихаты азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында Маңғыстау облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді қалалар мен аудандар әкімдіктерінің ұсынысымен айқындайды.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Маңғыстау облысының әкімдігі Маңғыстау облысының аумағында орналасқан су объектілерінің, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Маңғыстау облыстық мәслихаты ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күн ішінде су пайдаланушыға жолдайды.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

      "15-1. Су пайдаланушы Маңғыстау облыстық мәслихатынан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға тыйым салынатыны және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.".

      3. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас инспектор А. Ерболов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Әбдірахман
      Облыстық мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық

      сақтау комитетінің Маңғыстау облысы

      қоғамдық денсаулық сақтау департаменті"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      Н.Н.Абугалиев

      "11" 08 2017 жыл

      "Қазақстан Республикасы Ішкіістер

      министрлігіМаңғыстау облысының

      Ішкі істер департаменті"мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Қ.С.Дәлбеков

      "11" 08 2017 жыл

      "ҚазақстанРеспубликасыІшкіістер

      министрлігіТөтеншежағдайларкомитеті

      МаңғыстауоблысыныңТөтеншежағдайлар

      департаменті" республикалық

      мемлекеттікмекемесініңбасшысы

      Қ.Б.Базарбаев

      "11" 08 2017 жыл

      "ҚазақстанРеспубликасыЭнергетика

      министрлігіэкологиялықреттеужәнебақылау

      комитетініңМаңғыстауоблысыбойынша

      экология департаменті"республикалық

      мемлекеттікмекемесініңбасшысы

      А.А.Сафин

      "11" 08 2017 жыл

      "Маңғыстауоблысыныңтабиғи

      ресурстаржәнетабиғатпайдалануды

      реттеубасқармасы"мемлекеттік

      мекемесініңбасшысы

      С.О.Сағынбаев

      "11" 08 2017жыл