Жер салығының мөлшерлемелері туралы

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 шілдедегі № 11/4 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 тамызда № 5941 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 20/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 27.02.2018 № 20/8 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына және 444-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері сегіз есеге жоғарылатылсын.

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      3. "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5307 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 26 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 жетоқсандағы № 48/8 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы Ә.Мақұлбеков
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ә.Оразбекұлы
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік
кірістер департаментінің Шиелі ауданы
бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Е.Абдрахманов ______________
"25 " шілде 2017 жыл