Ақтоғай аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 197 "Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне ө

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 19 қыркүйектегі 15 сессиясының № 145 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 қазанда № 4370 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 470 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 30.12.2020 № 470 (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №197 "Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2629 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 мамырдағы "Тоқырауын тынысы" газетінің № 21 (7441) санында, 2014 жылғы 21 шілдедегі "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтоғай ауданындағы әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларында:

      25-2 тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Мангишев
      Мәслихат хатшысы Р. Әбеуов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ақтоғай аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесі
басшысының уақытша міндетін атқарушы
      __________________ Қ.С. Бекишева

      2017 жылғы 19 қыркүйек