Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 50/01 "Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 29/05 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 маусымда № 4268 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 05/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 31.01.2020 № 05/02 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі №50/01 "Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3418 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 7 қазанында, 2015 жылдың 8 қазанында № 139 (21890) "Индустриальная Караганда", 2015 жылдың 8 қазанында № 160-161 (22 043) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы";

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін".";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті";

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органымен көрсетіледі.";

      3-тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия (бұдан әрі – лицензия) беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 4-1/468 "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11625 болып тіркелген) бекітілген "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында (бұдан әрі – стандарт) көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.";

      көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада:

      оң жақ жоғары бұрыштағы мәтін келесі редакцияда жазылсын:

      "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша";

      көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада:

      оң жақ жоғары бұрыштағы мәтін келесі редакцияда жазылсын:

      "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов