Текелі қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2017 жылғы 8 маусымдағы № 15-96 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 26 маусымда № 4254 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Менисов Бакытжан Запировичқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың
      cессия төрағасы Д. Нүсіпов
      Қалалық мәслихаттың хатшысы Н. Калиновский

  Текелі қалалық мәслихатының 2017 жылғы 8 маусымдағы № 15-96 шешіміне қосымша

Текелі қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдердің тізбесі

      1."Текелі қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 44-286 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3650 тіркелген, 2016 жылдың 8 қаңтарында және 15 қаңтарында қалалық "Текелі тынысы" газетінде жарияланған);

      2. "Текелі қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Текелі қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 44-286 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 5 ақпандағы № 47-301 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3721 тіркелген, 2016 жылдың 26 ақпанында қалалық "Текелі тынысы" газетінде жарияланған);

      3. "Текелі қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Текелі қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 44-286 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 28 наурыздағы № 2-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3769 тіркелген, 2016 жылдың 8 сәуірінде, 15 сәуірінде және 22 сәуірінде қалалық "Текелі тынысы" газетінде жарияланған);

      4. "Текелі қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Текелі қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 44-286 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 20 мамырдағы № 5-24 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3859 тіркелген, 2016 жылдың 10 маусымында қалалық "Текелі тынысы" газетінде жарияланған);

      5. "Текелі қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Текелі қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 44-286 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 20 шілдедегі № 6-28 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген, 2016 жылдың 5 тамызында және 12 тамызында қалалық "Текелі тынысы" газетінде жарияланған);

      6. "Текелі қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Текелі қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 44-286 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 27 қазандағы № 8-43 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3996 тіркелген, 2016 жылдың 18 қарашасында қалалық "Текелі тынысы" газетінде жарияланған).